Dil ID: 10
Dil Adı: spain
Dil Kodu: es3tayfun Productos de la Marca Samsung
Dünyanın En Büyük
Elektronik Bilgi Kütüphanesi



8_ қауіпсіздік туралы ақпарат
Құрылғы барынша жақсы жұмыс істеу үшін,
- Тағамдарды артқы қабырғаға тым тақатып қоймаңыз, себебі тоңазытқыш
бөліктің ішіндегі ауа айналымына кедергі жасайды.
- Тағамдарды тоңазытқыш ішіне қояр алдында дұрыс ораңыз немесе ауа
кірмейтін сауытқа салыңыз.


• Мұздатылған тағамды әбден жібітіп болғаннан кейін қайта мұздатпаңыз.
Мұздатқыш камераға газдалған сусындарды қоймаңыз. Бөтелке немесе шыны
сауыттарды мұздатқыш бөлікке қоймаңыз.
- Ішіндегісі мұздаған кезде шыны сынып, адам жарақаттануы немесе заттарға
зиян келуі мүмкін.
Тоңазытқыштың функцияларына өзгеріс енгізбеңіз немесе өзгертпеңіз.
- Өзгертулердің нәтижесінде адам жарақаттануы немесе заттарға зиян келуі
мүмкін 3-ші тарап енгізген қандай да бір өзгеріске ие құрылғыға Samsung
кепілді қызметі көрсетілмейді, сондай-ақ, Samsung 3-ші тарап енгізген
өзгертуден туындаған, қауіпсіздікке қайшы жағдайлар немесе зиян үшін
жауапкершілік көтермейді.
Мұздатылған тағамдардың макс. сақтау уақыты мен жарамдылық мерзіміне
назар аударыңыз.
Тағамды тоңазытқыштың ішіне қалай болса солай қоймаңыз.
- Тағам дұрыс суымайды.
Егер құрылғы судың астында қалса, дереу электр желісінен ағытыңыз да,
жақындағы қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.


• Суды тоңазытқыштың ішіне немесе сыртына тура шашпаңыз.
- Өрт шығуы немесе электр қатері орын алуы мүмкін.
• Тұтанғыш газды тоңазытқыштың қасына тұрып шашпаңыз.
- Жарылыс немесе өрт шығуы мүмкін.
Тазалағыш құралдарды бейнебетке тура шашпаңыз.
- Бейнебетке басылған қаріптер түсіп қалуы мүмкін.
Ашаның істікшесіндегі кез келген затты немесе шаңды тазалаңыз. Ашаны
тазалағанда дымқыл немесе су шүберекті қолданбаңыз, ашаның істікшесіндегі
бөгде затты не шаңды тазалаңыз.
- Әйтпесе өрт шығуы немесе электр қатері орын алуы мүмкін.
Тоңазытқыштың ашасын тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын бастамай
тұрып алыңыз.
қауіпсіздік туралы ақпарат


DA99-03236J(KAZ-5).indd 8 2010.6.15 5:40:37 PM