тоңазытқыш
параметрлерін орнату
Осы Samsung тоңазытқышын сатып алғаныңызбен құттықтаймыз. Соңғы заманғы функцияларды
және осы құрылғы ұсынатын мүмкіндіктерді рахаттана қолданасыз деп ойлаймыз.
• Бұл тоңазытқышты қолданар алдында, нұсқауларға сай орнатып, дұрыс жерге
орналастыру керек.
• Құрылғыны тек осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген мақсатта ғана
қолданыңыз.
•
Кез келген жөндеу жұмысын тек білікті маман орындауға тиіс екенін қатаң түрде ұсынамыз.
• Осы құрылғының орам материалдарын қоршаған ортаға зиян келтірмейтін етіп
тастау керек.
• Күн сәулесі тура түспейтін жерді таңдау керек.
• Еденнің үсті тегіс болуы керек.
• Тоңазытқыш есігін оңай ашуға болатын кеңірек жерді таңдау керек.
• Ішкі салқындату жүйесінің ауа айналымы үшін жеткілікті орын болуы керек.
Тоңазытқыш кеңірек жерге қойылмаса, ішкі салқындату жүйесі дұрыс жұмыс
істемеуі мүмкін.
• Құрылғының биіктігі үлгі түрлеріне қарай әр түрлі болуы мүмкін.
• Орнатқан кезде оң жағы мен сол жағынан, арты мен үстіңгі жағынан бос орын
қалдырыңыз.
Бұл қуатты аз жұмсап, электр қуаты төлемдерін азайтуға көмектеседі.
• Тоңазытқышты температурасы 10°C градустан төмен жерге орнатпаңыз.
Құрылғыны орнатқанда, тазалағанда не күтім көрсеткенде тура алға
жылжытыңыз да, болғаннан кейін тура артқа итеріп орнына қойыңыз.
Еденнің іші толы тоңазытқышты көтере алатынына көз жеткізіңіз.