• Бұл тоңазытқышты қолданар алдында, нұсқауларға сай орнатып, дұрыс жерге
орналастыру керек.
• Орамынан шығарғаннан кейін, орам материалдарын балалардан алыс ұстаңыз.
- Балалар бұл орамдарды бастарына киіп алса, тұншығып өлуі мүмкін.
• Ашаны розеткаға сымын төмен салбыратып дұрыс жалғау керек.
- Егер ашаның түп жағын жоғары қаратып жалғасаңыз, қуат сымы қиылып,
өрт немесе электр қатері орын алуы мүмкін.
• Тоңазытқыштың артында тұрған ашаның жаншылып, немесе бүлініп
қалмағанын тексеріңіз.
•
Тоңазытқышты жылжытқан кезде, ашаны басып кетпеуге немесе бүлдіріп алмауға
тырысыңыз.
- Бұндай жағдайда өрт қатері орын алуы мүмкін.
• Құрылғыны орнатқанда ашаға қол оңай жететін етіп орнату керек.
• Тоңазытқышты міндетті түрде жерге қосу керек.
- Тоңазытқышты міндетті түрде тоқ шығып немесе тоңазытқыштан шыққан
тоққа соғылмас үшін жерге қосу керек.
•
Газ түтіктерін, телефон сымдарын немесе басқа жарықтандыру сымдарын
тоңазытқышты жерге қосу үшін қолданбаңыз.
- Жерге қосу ашасы дұрыс қолданылмаса электр қатері орын алуы мүмкін.
• Егер қорек сымы бүлінсе, оны дереу өндірушіге немесе оның уәкілетті агентіне
ауыстырту керек.
• Тоңазытқыштағы сақтандырғышты білікті техник немесе қызмет көрсету
компаниясы ауыстыруға тиіс.
- Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы не адам жарақаттанып
қалуы мүмкін.
• Тоңазытқышты жеткілікті орын шығарып, тегіс жерге орнату керек.
-
Егер тоңазытқыш деңгейі дұрыс орнатылмаса, ішкі салқындату жүйесі дұрыс
жұмыс істемеуі мүмкін.
•
Құрылғының корпусындағы немесе орнату үшін қолданылған бөліктеріңдегі
желдеткіш саңылауларды бітемей ашық ұстаңыз.
• Құрылғыны орнатып болғаннан кейін 2 сағат қоя тұрыңыз.
• Ашаны су қолыңызбен розеткаға сұқпаңыз.
• Құрылғының үстіне зат қоймаңыз.
- Есікті ашқанда немесе жапқанда, заттар құлап кетіп, адам жарақаттануы
немесе және/не мүлікке зиян келуі мүмкін.