қауіпсіздік туралы ақпарат
• Су құйылған заттарды тоңазытқыштың үстіне қоймаңыз.
- Төгіліп қалса өрт шығуы немесе электр қатері пайда болуы мүмкін.
• Балаларға есікке асылып тұруға рұқсат бермеңіз.
- Бұл нұсқау орындалмаса, адам қатты жарақат алуы мүмкін.
• Тоңазытқыштың қасында болмаған кезде есігін ашық қалдырмаңыз және
балаларға тоңазытқыштың ішіне кіруге жол бермеңіз.
- Балалар қамалып қалып, төмен температура әсерінен қатты зақым алуы
мүмкін.
• Қолыңызды құрылғының астына сұқпаңыз.
- Өткір қырларына жарақаттанып қалуыңыз мүмкін.
• Балаларға суырманың қақпағын басып кетуге жол бермеңіз.
- Сынып қалуы немесе бала тайып кетуі мүмкін.
• Тоңазытқышқа шамадан тыс көп тағам салмаңыз.
- Есікті ашқан кезде құлап кетіп адам жарақаттанып қалуы немесе мүлікке
зақым келуі мүмкін.
• Бензол, сұйылтқыш, алкоголь, эфир немесе сұйылтылған газ тәрізді тұтанғыш
немесе жанғыш заттарды тоңазытқышта сақтамаңыз.
- Бұндай заттың кез келгенін сақтаған кезде жарылыс шығуы мүмкін.
• Төмен температураға төзбейтін дәрі-дәрмек, ғылыми үлгілік материалдар не
басқа да төмен температураға төзбейтін заттарды тоңазытқышта сақтамаңыз.
- Температурасын қатаң бақылап отыруды қажет ететін өнімдерді
тоңазытқышта сақтамаңыз.
• Тоңазытқыш ішіне өндіруші арнайы рұқсат етпеген электр құрылғыларын
қоюға немесе қолдануға болмайды.
• Тоңазытқыштың ішін құрғату үшін шаш кептіргішті қолданбаңыз. Тоңазытқыш
ішіндегі жағымсыз иісті кетіру үшін жанып тұрған шамды қоймаңыз.
- Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
• Мұздатқыш бөліктің ішкі қабырғасын немесе мұздатқыш бөліктің ішінде тұрған
заттарды су қолмен ұстамаңыз.
- Теріні қарып кетуі мүмкін.
• Жібіту үрдісін жылдамдату үшін, өндіруші ұсынған құралдардан басқа
механикалық заттарды не басқа құралдарды қолданбаңыз.
• Тоңазытқыш жүйені бүлдіріп алмаңыз.