қауіпсіздік туралы ақпарат
• Құрылғыны іске қосардың алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз
да, келешекте қарап жүру үшін құрылғыдан алыс емес, сенімді жерге сақтап
қойыңыз.
•
Құрылғыны тек осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген мақсатта ғана
қолданыңыз. Бұл құрылғы кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем,
құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар (балаларды қоса
алғанда) қолдануға арналмаған. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.
• Бұл пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген "Ескертулер" мен "Қауіпсіздік
нұсқауларында", орын алуы ықтимал жағдайлар мен оқиғалардың барлығы
бірдей қамтылмаған. Құрылғыны абайлап, сақтықпен орнатуға, күтім
көрсетуге, іске қосуға өзіңіз міндеттісіз.
• Себебі төменде көрсетілген нұсқауларда құрылғының әр түрі қамтылғандықтан,
сіздің тоңазытқышыңыздың техникалық сипаттамасы, осы нұсқаулықта
көрсетілген құрылғылардан сәл өзгеше болуы және ескерту белгілерінің
барлығы бірдей сізге қатысты болмауы мүмкін. Толғандырып жүрген
мәселе немесе сұрағыңыз болса, жақын орналасқан жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз немесе www.samsung.com веб-сайтынан ақпарат
немесе көмек алыңыз.
Қауіпсіздікке қатысты маңызды белгілер және сақтық шаралары:
қатерлі жағдайлар немесе
қауіпті әрекеттер.
қатерлі
жағдайлар немесе қауіпті әрекеттер.
Әрекет ЕТПЕҢІЗ.
БҰЗБАҢЫЗ.
Қол ТИГІЗБЕҢІЗ.
Нұсқауларды мұқият орындаңыз.
Ашаны розеткадан суырыңыз.
Электр тоғының қатеріне түспес үшін құрылғыны жерге қосыңыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласып көмек алыңыз.
Ескерім.