
• Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету жəне мүлікке зиян келтірмеу үшін, құрылғыны тек
су мен сабынды қолданып тазалаңыз. Тұтанғыш заттар немесе тот бастыратын
заттарды қолданбаңыз.
• Құрылғыны бу құрылғылары, жоғары қысыммен тазалайтын құралдар, өткір, түрпілі
тазалағыш заттар, түрпілі жөке жəне дақ кетіргіштермен тазаламаңыз
• Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
• Шыны есікті жеміргіш заттармен
немесе металл қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі
шыны панельдің қызуға төзімді беті сынып, жарылып кетуі мүмкін.
• Есіктің шыны панельдеріне нұқсан келсе, босап, сынып қалуы мүмкін. Оларды
міндетті түрде ауыстыру керек. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының есігін алған кезде абай болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
• Каталитті эмальды тазаламаңыз (егер бар болса).
Өрт қатері
• Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь қосылған қоспаларды қолданғанда, ауа мен
алкоголь қоспасы пайда болуы мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.
• Есікті ашқан кезде жарқыл немесе ашық отты құрылғыға жақындатпаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды жəне/
немесе балқығыш заттарды (пластмасса немесе алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне, ішіне
қоймаңыз.
Тұмшапештің шамы
• Осы құрылғыда тек тұрмыстық құрылғыларда пайдалануға арналған арнайы
шамдар ғана қолданылған. Оларды бөлмені жартылай немесе толықтай
жарықтандыру үшін қолдануға болмайды.
• Егер шамды ауыстыру қажет болса, қуаты дəл осындай, тұрмыстық құрылғыларға
арналған шамды ғана қолданыңыз.
• Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.
Электр тоғына түсу қаупі бар.
Қызмет көрсету орталығы
• Тек уəкілетті техниктің ғана құрылғыны жөндеуіне немесе оған қатысты жұмысты
орындауына болады. Уəкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
• Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян келмес үшін
– Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
– Қорек сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
– Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл кішкене балалар немесе үй жануарлары
құрылғының ішіне кіріп, қамалып қалуына жол бермеу үшін қажет. Тұншығып кету
қатері бар.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
7