Dil ID: 9
Dil Adı: germany
Dil Kodu: de8tayfun Produkte der Marke Rigid Industries
Dünyanın En Büyük
Elektronik Bilgi Kütüphanesi



Құрылғыны ажырату үшін қорек сымынан тартпаңыз. Əрқашан ашасынан (егер
болса) тартып ажыратыңыз.
Қолданылуы
Бұл тек үйде қолдануға арналған құрылғы. Құрылғыны коммерциялық немесе
өндірістік мақсатта қолданбаңыз.
Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін ғана пайдаланыңыз. Бұл адам жарақаттанып,
мүлікке зиян келудің алдын алу үшін қажет.
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды жəне/
немесе балқығыш заттарды (пластмасса немесе алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне, ішіне қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу қаупі
бар.
Құрылғыны пайдаланған кезде оның іші ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.
Құрылғының ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол тигізбеңіз. Керек-жарақтары мен
кəстрөлдерді алып-салған кезде қолғап киіңіз.
Пештің эмаль қаптамасын бүлдіріп алмас
алмас үшін оның керек-жарақтарын
салып, не алып жатқан кезде абай болыңыз.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін, əрқашан құрылғыдан алыс тұрып ашыңыз.
Ыстық бу шығуы мүмкін. Теріні күйдіріп алу қаупі бар.
Эмаль қаптаманың түсінің кетуі құрылғының жұмысына еш əсер етпейді, сондықтан
да бұл кепілдік заңы бойынша қарастырылатын жағдай емес.
Құрылғының
эмаль қаптамасы бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
құрылғының табанына ешбір затты тура қоймаңыз жəне оны алюминий
фольгамен жаппаңыз;
құрылғының ішіне ыстық суды тура қоймаңыз;
тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде
ұстамаңыз.
Бұл құрылғыны суға тиіп тұрса пайдаланбаңыз. Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз.
Ашық тұрған құрылғы
есігіне күш салмаңыз.
Тағамды пісіргенде, тіпті гриль жасаған кезде де құрылғы есігін əрқашан жауып
отыру қажет.
Күту менен тазалау
Құрылғыны жөндердің алдында сөндіріп, электр желісінен ағытыңыз.
Жөндердің алдында құрылғының салқын тұрғандығына көз жеткізіңіз. Күйіп қалу
қаупі бар. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
Құрылғыны əрқашан таза ұстаңыз. Жиналып қалған май не тағам қалдықтары өрт
қатерін тудыруы мүмкін.
Құрылғыны мерзімді түрде тазаласаңыз, оның бетінің сапасы түспейді.
Өте сұйық қоспадан жасалған
торттарды пісірген кезде, жеміс шырыны кетпейтін
дақ қалдырмас үшін терең пісіру науаларын қолданыңыз.
6
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар