
• Құрылғыны орнатардың алдында, ашасының розеткадан ағытылып тұрғанын
тексеріңіз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде абай болыңыз. Бұл құрылғының салмағы ауыр.
Əрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз. Құрылғыны ешқашан тұтқасынан тартпаңыз.
• Электрлік қондырғыда оқшаулағыш құрылғы болуға тиіс, ол құрылғыны барлық
полюстерде желіден ажыратуға мүмкіндік береді. Оқшаулағыш құрылғының ені кем
дегенде 3 мм түйіспе саңылауы болуға тиіс.
• Сізде
дұрыс оқшаулағыш құралдар болуға тиіс: желіні қорғайтын ажыратқыштар,
сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
• Электр қатерінен сақтандыратын құралдарды, инструмент көмегінсіз алынбайтын
етіп бекітіңіз.
• Орнатардың алдында ас үй жиһазы мен құрылғы орнатылатын ұяның
өлшемдерінің, құрылғыға сай келетіндігін тексеріп алыңыз.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын
қамтамасыз етіңіз.
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы минимум
арақашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғының арт жағы мен бір жақ жанын, биігірек құрылғыға жанастырып
орнатыңыз. Керісінше екінші жағын, биіктігі бірдей құрылғыға қатарластыра орнату
қажет.
• Бұл құрылғыны тағанның үстіне орнатуға болмайды.
• Кіріктірілген пештер мен пештің үсті, арнаулы қосылым жүйелерінің көмегімен
орнатылады. Құрылғыға нұқсан
келмес үшін, тек бір өндіруші өндірген
құрылғыларды ғана бірге пайдаланыңыз.
Электр қосылымы
• Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
• Кернеу туралы ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
• Əрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
• Электр құрылғыларын розеткаларға қосқан кезде, қорек сымдарын құрылғының
ыстық есігіне тигізбеңіз немесе жақындатпаңыз.
• Көп істікшелі ашаларды,
жалғастырғыштар мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Өрт шығу қаупі бар.
• Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Құрылғының арт жағындағы электр ашасы (егер қолданылса) мен қорек сымының
жаншылып немесе бүлініп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Орнатып болғаннан кейін электр розеткасының қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
5