26
SIM карталарын немесе жад карталарын ұқыпты
пайдалану
Құрылғы белгілі бір ақпаратты жіберіп немесе қабылдап •
жатқан кезде картаны шығарып алуға болмайды, себебі бұл
әрекет деректердің жойылуына және/немесе картаның немесе
құрылғының зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
Карталарды қатты соққылардан, статикалық электрден және •
басқа құрылғылардың электр әсерінен қорғаңыз.
Сары байланыстарына немесе терминалдарына саусағыңызды •
немесе металл заттарды тигізбеңіз. Карта кірлеген жағдайда, оны
жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Төтенше қызмет орындарына қоңырау шалынатынын
тексеріңіз
Құрылғыңыздан төтенше қызмет орындарына кейбір аймақтарда
немесе жағдайларда қоңырау шалынбауы мүмкін. Қолданыс
аясынан тыс немесе дамымаған аумақтарға саяхатқа шығар
алдында төтенше қызмет қызметкерлерімен байланысқа түсудің
басқа әдісін жоспарлаңыз.
Маңызды деректердің сақтық көшірмесін жасауды
ұмытпаңыз
Samsung деректердің жоғалуына жауап бермейді.
Авторлық құқықпен қорғалған материалды таратпаңыз
Жазып алған, бірақ авторлық құқықпен қорғалған материалды
басқаларға мазмұн иелерінің рұқсатынсыз таратпаңыз.
Мұны сақтамаудан авторлық құқық туралы заңдар бұзылуы
мүмкін. Өндіруші авторлық құқықпен қорғалған материалды
пайдаланушының заңсыз пайдалануынан туындаған құқықтық
мәселелерге жауапты емес.