Dil ID: 1
Dil Adı: english
Dil Kodu: en5 Aticio Brand's Products
Dünyanın En Büyük
Elektronik Bilgi Kütüphanesi



2727272727
27
Спецификалық сіңіру нормасы (ССН) куәлігі
туралы ақпарат
Құрылғыңыз Еуропалық Одақтың (ЕО) адам ағзасына радио және
телекоммуникациялар жабдықтарынан бөлініп шығарылатын радио
жиілігіндегі Ж) энергияның әсер ету шектемелерін белгілейтін
стандарттарға сай келеді. Мұндай стандарттар адам ағзасының әр
килограмына 2,0 Вт шамасынан жоғарғы деңгейде (Спецификалық
сіңіру нормасы немесе ССН ретінде белгілі) әсер ететін ұялы
телефондардың сатылуына жол бермейді.
Сынақ кезінде осы модель үшін байқалған ең жоғары ССН
көрсеткіші 0,791 Вт/кг болып шықты. Қалыпты қолданыста негізгі
ССН көрсеткіші әлдеқайда төменірек болуы мүмкін, өйткені бұл
құрылғы сигналды ең жақын байланыс бекетіне жеткізуге ғана
қажетті радио жиілік энергиясын шығаратындай етіп жасалған.
Мүмкіндігінше төменгі деңгейлерді автоматты түрде тарату арқылы
құрылғыңыз РЖ энергиясының сізге әсер етуін азайтады.
Бұл нұсқаулықтың артындағы Сәйкестік туралы декларация
құрылғыңыздың Еуропалық радио және терминал
телекоммуникациялар жабдығы (РТТЖ) директивасына сәйкес
келетіндігін көрсетеді. ССН және қатысты ЕО стандарттары туралы
толық ақпарат алу үшін Samsung веб-сайтына кіріңіз.
Осы өнімді дұрыс жолмен тастау
(Электрлік жəне Электроникалық Жабдық қалдықтары)
(Еуропалық Одақ жəне басқа да жеке жинақ жүйелері
бар Еуропа елдеріндегі қолданысында бар)
Өнімдегі, керек-жарақтардағы немесе қосымша
əдебиеттегі осы таңба өнімнің жəне оның
электрондық керек-жарақтарының (мысалы,
зарядтағыш құрылғысының, құлақ аспабының, USB
кабелінің) қызмет мерзімі аяқталғанда басқадай
тұрмыстық қалдықтармен бірге тасталмауы қажеттігін білдіреді.
Қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына зияны тиюі мүмкін
бақылаусыз тасталған қалдықтарды болдырмау үшін осы заттарды
қалдықтардың басқа түрлерінен бөлек айырып алыңыз да,
материал ресурстарын қоршаған ортаға залалы тимейтіндей қайта
қолданысқа түсіруіңізді сұраймыз.
Үй шаруасындағы пайдаланушылар өнімді қауіпсіз қайта өңдеуге
жіберу үшін осы элементтерді қайдан жəне қалай алу жолдарын
оны сатып алған сауда орнына немесе жергілікті басқару кеңсесіне
хабарласуы қажет.