23
Батареяның және зарядтағыштың ең жоғарғы
жарамдылығына көз жеткізіңіз
Батареяны тиісті мерзімінен ұзақ зарядтау оның жарамдылық •
уақытын қысқартады, сондықтан батареяларды бір аптадан артық
зарядтауға болмайды.
Уақыт өтісімен пайдаланусыз жатқан батареялар зарядын •
жоғалтуы мүмкін, сондықтан оларды пайдаланар алдында
зарядтау керек.
Пайдаланылмай тұрғанда зарядтағыштарды қорек көзінен •
ажыратыңыз.
Батареяларды тек арналған мақсаттарына пайдаланыңыз.•
Өндіруші бекіткен батареяларды, зарядтағыштарды,
аксессуарларды және керек-жарақтарды пайдаланыңыз
Жалпы батареяларды не зарядтағыштарды пайдалану •
құрылғыңыздың өмірін қысқартуы немесе құрылғының дұрыс
істемеуіне себеп болуы мүмкін.
Samsung корпорациясы Samsung бекітпеген аксессуарларды •
не керек-жарақтарды пайдаланған кезде пайдаланушының
қауіпсіздігіне жауапты емес.
Құрылғыны не батареяны тістемеңіз немесе сормаңыз
Ол құрылғыны зақымдауы немесе жарылуына себеп болуы •
мүмкін.
Егер балалар құрылғыны пайдаланса, құрылғыны дұрыс •
пайдаланып отырғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыға сөйлеген кезде:
Кәдімгі телефонды пайдаланып тұрғандай, құрылғыны тігінен •
ұстаңыз.
Микрофонға тікелей сөйлеңіз.•
Құрылғыңыздың ішкі антеннасына тиіспеңіз. Антеннаға •
тиіскеннен қоңырау шалу сапасы төмендеуі немесе құрылғының
қажетті деңгейден көп радио жиілік жіберуіне себеп болуы
мүмкін.
Құрылғыны бос ұстаңыз, пернелерді жай басыңыз, басылуға •
тиіс пернелердің санын азайтатын арнаулы мүмкіндіктерді
пайдаланыңыз (мысалы, үлгілер және жеңілдетілген мәтін) және
үзілістер жиі жасаңыз.