21
Назарыңызды аударуы мүмкін ашулы немесе эмоциялық •
әңгімелерден аулақ болыңыз. Сөйлесіп келе жатқан адамдарға
көлік жүргізіп келе жатқаныңызды білдіртіп, назарыңызды
жолдан аударатын әңгімелесулерді тоқтата тұрыңыз.
Құрылғыңызды көмек шақыру үшін пайдаланыңыз. Өрт, жол-•
көлік оқиғасы болған немесе медициналық көмек қажет болған
жағдайларда жергілікті төтенше қызмет нөмірін теріңіз.
Төтенше жағдайларда басқаларына көмектесу үшін •
құрылғыңызды пайдаланыңыз. Егер жол-көлік оқиғасын,
қылмыстық оқиғаны немесе адам өмірлері қауіп-қатерге түскен
күрделі төтенше жағдайды көрсеңіз, жергілікті төтенше қызмет
нөміріне хабарласыңыз.
Қажет болған кездерде жол жанындағы көмек немесе арнайы, •
төтенше емес көмек қызметі нөміріне хабарласыңыз. Егер
күрделі қауіп-қатер алып келмейтін бұзылып тұрған көлікті,
көліктің бұзылып тұрғаны туралы белгіні, ешкім жарақаттанбаған
жеңіл жол-көлік оқиғасын немесе білетін көлігіңіздің ұрланғанын
көрсеңіз, жол жанындағы көмек немесе басқа арнайы, төтенше
емес қызмет нөміріне хабарласыңыз.
ұялы телефоныңызға дұрыс күтім жасау және
пайдалану
Құрылғыңызды құрғақ ұстаңыз
Ылғал мен сұйықтықтардың барлық түрі құрылғының •
бөлшектерін немесе электрондық схемаларын зақымдауы
мүмкін.
Ылғалданған жағдайда құрылғыңызды өшірмей, батареяны •
шығарып алыңыз. Құрылғыңызды орамалмен кептіріп, оны
қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.
Сұйықтықтар құрылғы ішіндегі судың зақымдайтынын білдіретін •
белгінің түсін өзгертеді. Құрылғыңыз сумен зақымдандалған
жағдайда өндірушінің кепілдігі жарамсыз болады.
Құрылғыңызды шаң, лас жердерде пайдаланбаңыз
немесе сақтамаңыз
Шаң құрылғыңыздың дұрыс істемей қалуына себеп болуы мүмкін.
Құрылғыңызды еңкейіп тұрып пайдаланбаңыз
Егер құрылғыңыз түсіп кетсе, ол зақымдалуы мүмкін.