Dil ID: 1
Dil Adı: english
Dil Kodu: en5 Aticio Brand's Products
Dünyanın En Büyük
Elektronik Bilgi Kütüphanesi



1818181818
18
Батареялары мен заряд құрылғыларын күтіммен
пайдаланыңыз және дұрыс тәртіппен тастаңыз
Құрылғыңызға арналып жасалған және тек Samsung
корпорациясы бекіткен батареялар мен зарядтағыштарды
пайдаланыңыз. Сәйкес келмейтін батареялар мен
зарядтағыштарды пайдалану құрылғыңыздың қатты
зақымдануына немесе бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Батареяларды не құрылғыларды ешқашан отқа тастамаңыз.
Пайдаланылған батареяларды немесе құрылғыларды тастаған
кезде барлық жергілікті ережелерді сақтаңыз.
Батареяларды немесе құрылғыларыңызды ешқашан жылыту
құрылғыларының, мысалы, қысқа толқынды пештердің,
духовкалардың немесе жылыту радиаторларының үстіне немесе
ішіне қоймаңыз. Қызып кеткен батарея жарылуы мүмкін.
Батареяны ешқашан бұзбаңыз немесе теспеңіз. Батареяларды
сыртқы жоғары қысым әсерінен қорғаңыз, бұл ішкі қысқа
тұйықталу және қызып кету қауіпіне әкеліп соғуы мүмкін.
Құрылғыны, батареяларды және зарядтағыштарды
зақымданудан қорғаңыз
Құрылғыңызды және батареяларды өте суық немесе өте ыстық
температураларға шығармаңыз.
Шамадан тыс температуралар құрылғы пішінінің өзгеруіне
себеп болып, заряд сыйымдылығын және құрылғыңыз бен
батареялардың пайдаланылу мерзімін қысқартуы мүмкін.
Батареяларды металл заттарға тигізбеңіз, себебі бұл заттар
батареяларыңыздың + және – терминалдары арасында байланыс
тудырып, батареялардың уақытша немесе тұрақты зақымдануына
әкеліп соғуы мүмкін.
Ешқашан зақымдалған адаптерді немесе батареяны
пайдаланбаңыз.
Абайлаңыз: Құрылғыңызды шектеулі
аумақтарда пайдаланған кезде барлық
қауіпсіздік ескертулері мен ережелерін сақтаңыз
Құрылғыңызды тыйым салынған жерлерде өшіріп
қойыңыз
Белгілі бір аумақта ұялы телефонды пайдалануды шектейтін
ережелердің барлығын сақтаңыз.