17
Сақтандыру шаралары
Құрылғыңызды пайдаланбас бұрын өзіңізді және басқаларды
жарақаттап алмау немесе құрылғыңызға зақым келтірмеу үшін
төмендегі ақпараттың барлығын оқып шығыңыз.
Ескерту: Электр тоғының соғуына, өрттің
шығуына және жарылуға жол бермеңіз
Зақымдалған электр шнурларын не ашаларын
пайдаланбаңыз немесе электр розеткаларына көп
құрылғы қоспаңыз
Электр шнурына су қолдарыңызбен тиіспеңіз немесе
зарядтағышты шнурынан тартып ажыратпаңыз
Электр шнурын майыстырмаңыз немесе зақымдамаңыз
Зарядтап жатқан кезде құрылғыңызды пайдаланбаңыз
немесе құрылғыңызға су қолдарыңызбен тиіспеңіз
Зарядтағышты немесе батареяны қысқа тұйықтамаңыз
Зарядтағышты не батареяны түсіріп алмаңыз немесе
оларға соққы келтірмеңіз
Өндіруші мақұлдамаған зарядтағыштармен батареяны
зарядтамаңыз
Найзағай кезінде құрылғыңызды пайдаланбаңыз
Құрылғыңыз дұрыс істемеуі мүмкін, соның салдарынан электр
тогының соғу қаупі артады.
Зақымдалған немесе ағып кеткен литий ион (Li-Ion)
батареяны қолданбаңыз
Литий ион батареяларын қоқысқа қауіпсіз жолмен тастау үшін
жергілікті өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.