
13
Құрылғыны пайдалану үшін дене
күйіңізді дұрыстаңыз
50 см
Құрылғыны төмендегідей дұрыс қалыпта пайдаланыңыз:
•
Арқаңызды жазыңыз.
•
Көзіңіз бен экран арасында 45 - 50 см ара қашықтық сақтаңыз және экранға сәл
жоғарыдан қараңыз. Көздеріңізбен экранның алдыңғы жағына тікелей қараңыз.
•
Жарық экранға шағылыспайтын етіп бұрышты реттеңіз.
•
Білегіңізді қолыңыздың жоғары жағымен перпендикуляр қойыңыз және қолыңыздың
сырт жағын деңгейлестіріңіз.
•
Шынтағыңызды оң жақ бұрышқа қойыңыз.
•
Құрылғының биіктігін тізеңізді 90 немесе одан көп дәрежеде бүге алатындай,
өкшеңіз еденге тиіп тұратындай және қолдарыңыз жүрегіңізден төмендеу
болатындай етіп реттеңіз.