
10
Пайдалану
Ескерту
Құрылғының ішінде жоғары кернеу болады. Ешқашан құрылғыны
өз бетіңізбен бөлшектемеңіз, жөндемеңіз немесе өзгертпеңіз.
•
Өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.
•
Жөндеу үшін Samsung компаниясының клиенттерге қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
!
Өнімді жылжыту үшін, алдымен одан барлық кабельдерді, соның
ішінде қуат кабелін ажыратыңыз.
•
Кабель зақымдалса, өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.
!
Егер құрылғыдан ерекше дыбыстар, күйік иісі немесе түтін
шықса, қуат кабелін дереу ажыратып, Samsung компаниясының
клиенттерге қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•
Ток соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Балалардың құрылғыға асылуына немесе оның үстіне шығуына
жол бермеңіз.
•
Балалар зақымдануы немесе ауыр жарақат алуы мүмкін.
Егер құрылғы құлап түссе немесе оның сыртқы корпусы
зақымдалса, қуат көзін айырып-қосқышты өшіріңіз және қуат
кабелін ажыратыңыз. Сонан соң Samsung компаниясының
клиенттерге қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•
Пайдалануды жалғастырсаңыз, өрт шығуы немесе ток
соғуы мүмкін.
Құрылғының үстінде балаларға ұнайтын ауыр заттарды немесе
бұйымдарды (ойыншықтар, тәтті заттар, т.б.) қалдырмаңыз.
•
Балалар ойыншықтарды немесе тәтті заттарды алуға
талпынған кезде құрылғы немесе ауыр заттар құлап кетіп,
балалар ауыр жарақат алуы мүмкін.
!
Найзағай ойнаған кезде бұйымды қуат көзінен ажыратып,
кабельді алып тастаңыз.
•
Өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.
!
Құрылғыға заттарды түсіріп алмаңыз немесе оған соққы
тигізбеңіз.
•
Өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.
Құрылғыны қуат сымынан немесе кез келген кабелінен тартып
жылжытпаңыз.
•
Зақымдалған кабельдің себебінен құрылғы ақауы пайда
болуы, ток соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
!
GAS
Егер газдың шығып тұрғаны белгілі болса, құрылғыны немесе
ашаны ұстамаңыз. Сондай-ақ, сол жерді дереу желдетіңіз.
•
Ұшқындар жарылысқа немесе өртке алып келуі мүмкін.
Құрылғыны қуат кабелінен немесе кез келген басқа кабелінен
тартып көтермеңіз немесе жылжытпаңыз.
•
Зақымдалған кабельдің себебінен құрылғы ақауы пайда
болуы, ток соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.