
12
Тұрақты ток адаптерін кез келген жылыту құралының жанына
қоймаңыз.
•
Өрт шығуына себеп болуы мүмкін.
!
Тұрақты ток адаптерін жақсы желдетілген жерде сақтаңыз.
!
АТ/ТТ қуат адаптерін жоғары қарап тұрған сымы ілулі болып
қойсаңыз, су не басқа бөгде заттар адаптер ішіне еніп,
адаптердің ақаулығын тудыруы мүмкін.
АТ/ТТ қуат адаптерін міндетті түрде үстел не еденге тегіс
жатқызыңыз.
Мониторды аударып ұстамаңыз немесе тіреуішінен ұстап
жылжытпаңыз.
•
Құрылғы құлап кетіп, зақымдалуы немесе жарақат алуға
алып келуі мүмкін.
!
Экранға ұзақ уақыт бойы тым жақын жерден қарасаңыз, көру
қабілетіңіз төмендеуі мүмкін.
Құрылғының жанында дымқылдауыштарды немесе пештерді
пайдаланбаңыз.
•
Өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.
!
Құрылғыны пайдаланған кезде көзіңізді 1 сағат сайын 5 минуттан
астам демалдырыңыз.
•
Көз талуы жойылады.
Ұзақ уақыт бойы қосулы тұрған экранды қолмен ұстамаңыз, ол
ыстық болуы мүмкін.
!
Ұсақ керек-жарақтарды балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
!
Құрылғының бұрышын немесе тіреуіштің биіктігін реттеген кезде
абайлаңыз.
•
Қолыңыз немесе бармағыңыз қысылып қалып,
жарақаттануы мүмкін.
•
Құрылғыны тым көп еңкейтсеңіз, ол құлап кетіп, жарақат
алуға алып келуі мүмкін.
Құрылғының үстіне ауыр заттарды қоймаңыз.
•
Құрылғының ақауына немесе адам жарақатына себеп
болуы мүмкін.
Құлаққаптар немесе құлақаспаптар қолданған кезде, дыбысын
қатты ашпаңыз.
•
Дыбысты қатты қою есту қабілетіңізді зақымдайды.