
8
Назар аударыңыз
• Экран бетінде ұзақ уақыт бойы қалған жылжымайтын сурет қалдық бейненің экранда қалуына
немесе ақаулы нүктелерге себеп болуы мүмкін.
‒ Егер мониторды ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, энергияны үнемдеу режимін
немесе жылжымалы суреті бар экран сақтағышты іске қосыңыз.
• Егер құрылғыны ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз (демалыс, т.б.), қуат кабелін
розеткадан ажыратыңыз.
‒ Шаң жиналса және қызып кеткенде өрт шығуы, ток соғуы немесе ток шығуы мүмкін.
• Құрылғы үшін ұсынылған ажыратымдылық пен жиілікті пайдаланыңыз.
‒ Көру қабілетіңіз төмендеуі мүмкін.
• АТ/ТТ адаптерлерін бірге қоймаңыз.
• Қолданудан бұрын АТ/ТТ адаптерінің полиэтилен қаптамасын алып тастаңыз.
• АТ/ТТ адаптер құрылғысына судың кіруін немесе құрылғының дымқылдауын болдырмаңыз.
‒ Ток соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
‒ Құрылғыны сыртта пайдаланбаңыз, жаңбыр немесе қар кіруі мүмкін.
‒ Еден жуған кезде АТ/ТТ адаптерінің дымқылдануын болдырмаңыз.
• АТ/ТТ адаптерін кез келген жылыту құралының жанына қоймаңыз.
‒ Өрт шығуына себеп болуы мүмкін.
• АТ/ТТ адаптерін жақсы желдетілген жерде сақтаңыз.
• АТ/ТТ қуат адаптерін жоғары қарап тұрған сымы ілулі болып қойсаңыз, су не басқа бөгде заттар
адаптер ішіне еніп, адаптердің ақаулығын тудыруы мүмкін.
АТ/ТТ қуат адаптерін міндетті түрде үстел не еденге тегіс жатқызыңыз.
• Мониторды аударып ұстамаңыз немесе тіреуішінен ұстап жылжытпаңыз.
‒ Құрылғы құлап кетіп, зақымдалуы немесе жарақат алуға алып келуі мүмкін.
• Экранға ұзақ уақыт бойы тым жақын жерден қарасаңыз, көру қабілетіңіз төмендеуі мүмкін.
• Құрылғының жанында дымқылдауыштарды немесе пештерді пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны пайдаланған кезде көзіңізді 1 сағат сайын 5 минуттан астам демалдырыңыз.
• Ұзақ уақыт бойы қосулы тұрған экранды қолмен ұстамаңыз, ол ыстық болуы мүмкін.
• Ұсақ керек-жарақтарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Құрылғының бұрышын немесе тіреуіштің биіктігін реттеген кезде абайлаңыз.
‒ Қолыңыз немесе бармағыңыз қысылып қалып, жарақаттануы мүмкін.
‒ Құрылғыны тым көп еңкейтсеңіз, ол құлап кетіп, жарақат алуға алып келуі мүмкін.
• Құрылғының үстіне ауыр заттарды қоймаңыз.
‒ Құрылғының ақауына немесе адам жарақатына себеп болуы мүмкін.
• Құлаққаптар немесе құлақаспаптар қолданған кезде, дыбысын қатты ашпаңыз.
‒ Дыбысты қатты қою есту қабілетіңізді зақымдайды.