
5
Тазалау
―
Тазалаған кезде келесі шараларды қолданыңыз.
1
Монитор мен компьютерді қуат көзінен ажыратыңыз.
2
Өнімнен қуат кабелін ажыратыңыз.
―
Қуат кабелінің ашасынан ұстаңыз және кабельді ылғал қолмен ұстамаңыз. Әйтпесе, ток соғуы мүмкін.
3
Мониторды таза, жұмсақ және құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
‒ Мониторды құрамында спирт, еріткіш немесе сурфактант бар заттармен тазаламаңыз.
‒ Құрылғыға суды немесе жуғыш затты тікелей шашпаңыз.
4
Монитордың сыртқы жағын тазалау үшін жұмсақ және құрғақ шүберекті сулаңыз және
жақсылап сығыңыз.
5
Тазалап болғаннан кейін, қуат кабелін мониторға қосыңыз.
6
Монитор мен компьютерді қуат көзіне қосыңыз.
Электр бөлшектері және қауіпсіздік
Ескерту
• Зақымдалған қуат кабелін немесе ашаны немесе бос розетканы пайдаланбаңыз.
• Бір розеткаға бірнеше құрылғыны қоспаңыз.
• Ашаны ылғал қолмен ұстамаңыз.
• Қуат ашасын берік тұратындай етіп розеткаға толығымен тығыңыз.
• Ашаны жерге жалғанған розеткаға (тек 1-түрдегі изоляцияланған құрылғылар) қосыңыз.
• Қуат сымын қатты күш салып бүкпеңіз немесе тартпаңыз. Қуат кабелін ауыр заттың астында
қалдырмаңыз.
• Қуат кабелін немесе құрылғыны жылу көздерінің қасына қоймаңыз.
• Ашаның ұшындағы немесе розеткадағы шаңды құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
Назар аударыңыз
• Құрылғы пайдаланылып жатқан кезде қуат кабелін ажыратпаңыз.
• Құрылғымен бірге Samsung компаниясынан алынған қуат кабелін ғана пайдаланыңыз. Қуат
кабелін басқа құрылғылармен пайдаланбаңыз.
• Қуат кабелі қосылған жердегі розетка қол жетімді болуы тиіс.
‒ Ақау пайда болған кезде құрылғыны қуат көзінен ажырату үшін қуат кабелін ажырату керек.
• Қуат кабелін розеткадан ажыратқан кезде ашасынан ұстаңыз.