
7
Ескерту
• Құрылғының ішінде жоғары кернеу болады. Ешқашан құрылғыны өз бетіңізбен бөлшектемеңіз,
жөндемеңіз немесе өзгертпеңіз.
‒ Жөндеу үшін Samsung компаниясының клиенттерге қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Өнімді жылжыту үшін, алдымен одан барлық кабельдерді, соның ішінде қуат кабелін
ажыратыңыз.
• Егер құрылғыдан ерекше дыбыстар, күйік иісі немесе түтін шықса, қуат кабелін дереу
ажыратып, Samsung компаниясының клиенттерге қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Балалардың құрылғыға асылуына немесе оның үстіне шығуына жол бермеңіз.
‒ Балалар зақымдануы немесе ауыр жарақат алуы мүмкін.
• Егер құрылғы құлап түссе немесе оның сыртқы корпусы зақымдалса, қуат көзін өшіріңіз және
қуат кабелін ажыратыңыз. Сонан соң Samsung компаниясының клиенттерге қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
‒ Пайдалануды жалғастырсаңыз, өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.
• Құрылғының үстінде балаларға ұнайтын ауыр заттарды немесе бұйымдарды (ойыншықтар, тәтті
заттар, т.б.) қалдырмаңыз.
‒ Балалар ойыншықтарды немесе тәтті заттарды алуға талпынған кезде құрылғы немесе ауыр
заттар құлап кетіп, балалар ауыр жарақат алуы мүмкін.
• Найзағай ойнаған кезде бұйымды қуат көзінен ажыратып, кабельді алып тастаңыз.
• Құрылғыға заттарды түсіріп алмаңыз немесе оған соққы тигізбеңіз.
• Құрылғыны қуат сымынан немесе кез келген кабелінен тартып жылжытпаңыз.
• Егер газдың шығып тұрғаны белгілі болса, құрылғыны немесе ашаны ұстамаңыз. Сондай-ақ, сол
жерді дереу желдетіңіз.
• Құрылғыны қуат кабелінен немесе кез келген басқа кабелінен тартып көтермеңіз немесе
жылжытпаңыз.
• Құрылғының жанында тез тұтанатын сұйықтықты немесе затты пайдаланбаңыз немесе
сақтамаңыз.
• Желдеткіш тесіктерді дастарқанның немесе перденің жауып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
‒ Ішкі температураның көтерілуінен өрт шығуы мүмкін.
• Металл заттарды (таяқшалар, монеталар, шаш түйреуіштер, т.б.) немесе оңай жанатын заттарды
(қағаз, сіріңкелер, т.б.) құрылғыға салмаңыз (желдеткіш тесік немесе кіріс/шығыс порттары, т.б.
арқылы).
‒ Құрылғыға су немесе басқа бөгде заттар кіріп кеткен жағдайда міндетті түрде құрылғыны
өшіріп, қуат кабелін ажыратыңыз. Сонан соң Samsung компаниясының клиенттерге қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Ішінде сұйықтық бар ыдыстарды (вазалар, қыш құмыралар, бөтелкелер, т.б.) немесе металл
заттарды құрылғының үстіне қоймаңыз.
‒ Құрылғыға су немесе басқа бөгде заттар кіріп кеткен жағдайда міндетті түрде құрылғыны
өшіріп, қуат кабелін ажыратыңыз. Сонан соң Samsung компаниясының клиенттерге қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Пайдалану