
КАРТОП ГРАТИНІ (4-5 кісіге арналған)
Дайындау:
30 x 21см пирекс ыдысын маймен майлаңыз.
Қоспалар:
• 1,000 г картоп
• 60 г үккіштен өткізілген сыр
• 200 мл қаймақ
• 200 мл сүт
• Тұз, бұрыш, мускат жанғағы, сарымсақ
Тәсілі:
Картоптардың қабығын аршыңыз да 3мм қалың етіп тураңыз, содан соң
гратин ыдысына салыңыз. Тұз,бұрыш,мускат жаңғағы мен сарымсақ
қосып дәм-татымын келтіріңіз.
Сүт пен қаймақты араластырыңыз да картоптың үстіне құйыңыз. Ең
соңында үккіштен өткізілген ірімшікті үстіне себіңіз.
Параметр Пеш қатары Пісіру уақыты Су қорапшасына су
құйыңыз.
P 3 КАРТОП
ГРАТИНІ
2 50 мин. 200 мл
НАН 500-700 Г
Қоспалар:
• 1000 г ұн, 405 сорты
• 1 текше жаңа ашытқы не 2 пакет құрғақ ашытқы
• 600 мл сүт
• 15 г тұз
Тәсілі:
Ұн мен тұзды үлкен тегешке салыңыз. Ашытқыны жылы сүтке ерітіңіз де
ұнға құйыңыз. Барлық қоспаларды араластырып қамыр илеңіз.
Ұнның түріне қарай сүт көп қажет етілуі мүмкін.
Қамырды екі есеге дейін көтерілгенше қоя тұрыңыз.
Қамырдан екі бөлке жасаңыз да пештің майланған пісіру сөресіне не
патиссер сөресіне (арнайы жабдық) қойыңыз. Бөлкелерді өз
көлемдерінен жарты есе үлкейгенше қойыңыз.
Пісірмес бұрын олардың үстіне ұн себіңіз де өткір пышақпен кем дегенде
1 см терең 3-4 диагональ жолақтар салыңыз.
Параметр Пеш қатары Пісіру уақыты Су қорапшасына су
құйыңыз.
P 4 НАН 500-700 Г 2 55 мин. 200 мл
БУЛОЧКА, ӘРБІРІ 40Г (булочка 40г)
Қоспалар:
• 500 г ұн, 405 сорты
• 20 г жас ашытқы текшесі не 1 пакет құрғақ ашытқы
• 300 мл су
• 10 г тұз
Пайдалану, кестелер мен ақыл-кеңес
43