
KZ
79
Индикатор шамдары
Индикатор шамдары маңызды ақпаратты береді.
Олар мына жағдайларды білдіруі мүмкін:
Кешіктіріп бастау
КЕШІКТІРУ ТАЙМЕРІ функциясы қосылған болса
(«Жекешелендіру» тарауын қараңыз), жуу циклы
басталғаннан кейін таңдалған кешіктіру мерзіміне
сәйкес келетін индикатор шамы жыпылықтай бастайды:
Уақыт өте, қалған кешіктіру уақыты көрсетіледі және
тиісті индикатор шамы жыпылықтайды:
Орнатылған кешіктіру уақыты өткеннен кейін,
жыпылықтаған индикатор шамы сөнеді де, таңдалған
жуу циклы басталады.
Жуу циклы кезеңінің индикатор шамдары
Қажетті жуу циклы таңдалып, басталғаннан кейін,
индикатор шамдары бірінен кейін бірі жанып, циклдың
қай кезеңі орындалып жатқанын білдіреді.
Ескертпе: «Ағызу» кезеңі барысында, «Сығу» циклы
кезеңіне сәйкес келетін индикатор шамы жанады.
Функция түймелері және оларға сәйкес келетін
индикатор шамдары
Функция таңдалған кезде, оған сәйкес келетін
индикатор шамы жанады.
Таңдалған функция бағдарламаланған жуу
циклымен үйлесімді болмаса, тиісті индикатор шамы
жыпылықтайды және функция қосылмайды.
Бұрын таңдалған функциямен үйлесімді емес функция
таңдалса, тек ең соңғы таңдау белсенді болады.
Есік құлыптаулы индикатор шамы
Бұл индикатор шамы жанса, демек кездейсоқ ашылуға
жол бермеу үшін құрылғы есігі құлыпталған; кез келген
зақымды болдырмау үшін, құрылғы есігін ашпас бұрын
индикатор шамының сөнуін күтіңізү (3 минуттай күтесіз).
Ескертпе: КЕШІКТІРУ ТАЙМЕРІ функциясы іске
қосылған болса, есікті ашу мүмкін болмайды; оны ашу
керек болса, START/PAUSE түймесін басу арқылы
құрылғыны тоқтатып қойыңыз.
! START/PAUSE индикатор шамы (қызғылт сары)
функцияның индикатор шамымен бірге жылдам
жыпылықтап тұрса, демек ақаулық орын алған
(«Ақаулықтарды жою» тарауын қараңыз).
Жуу циклын бастау
1. ON/OFF түймесін басу арқылы кір жуғыш машинаны қосыңыз. Барлық индикатор шамдары бірнеше секундқа
жанады, одан кейін таңдалған бағдарлама параметрлеріне қатысты индикатор шамдары жанып тұрады, ал
START/PAUSE индикатор шамы жыпылықтайды.
2. Кірлерді салып, есікті жабыңыз.
3. ЖУУ ЦИКЛЫ тұтқасын қажетті бағдарламаға орнатыңыз.
4. Жуу температурасын орнатыңыз («Жекешелендіру» тарауын қараңыз).
5. Қажет болса, кептіру циклын орнатыңыз («Жекешелендіру» тарауын қараңыз).
6. Жуғыш заттар мен жуғыш қосындыларды өлшеңіз («Жуғыш заттар мен кірлер» тарауын қараңыз).
7. Қажетті функцияларды таңдаңыз.
8. Жуу циклын START/PAUSE түймесін басу арқылы бастаңыз, сонда тиісті индикатор шамы қалыпты түрде жасыл
түспен жанып тұрады. Орнатылған жуу циклын доғару үшін START/PAUSE түймесін басу арқылы құрылғыны
тоқтатып қойыңыз да, жаңа циклды таңдаңыз.
9. Жуу циклының соңында индикатор шамы жанады. ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ индикатор шамы сөнеді, яғни есікті
ашуға болады (3 минуттай күтесіз). Кірлерді шығарып, барабан толығымен кебуі үшін құрылғы есігін сәл ашық
қалдырыңыз. ON/OFF түймесін басу арқылы кір жуғыш-кептіргіш машинаны өшіріңіз.
Жуу
Шаю
Сығу
Кептіру
Жуу циклының соңы
Ескертпе: кептіру деңгейі
немесе уақыт мерзімі
орнатылар орнатылмас, бұл
индикатор шамы жанып,
таңдалған жуу циклынан
кейін кептіру кезеңі
орындалатынын білдіреді.