Dil ID: 9
Dil Adı: germany
Dil Kodu: de2tayfun Produkte der Marke Whirlpool
Dünyanın En Büyük
Elektronik Bilgi Kütüphanesi



76
KZ
Күтім көрсету және техникалық
қызмет көрсету
Су мен токты өшіру
Әрбір жуу циклынан кейін су шүмегін
жауып отырыңыз. Бұл кір жуғыш-кептіргіш
машинаның ішіндегі гидравликалық
жүйенің тозуын шектейді және су ағып
кетудің алдын алуға көмектеседі.
Кір жуғыш-кептіргіш машинаны тазалаған
кезде және техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын орындаған кезде оны токтан
ажыратыңыз.
Кір жуғыш-кептіргіш машинаны
тазалау
Құрылғының сыртқы жақтары мен резеңкеден
жасалған құрамдас бөліктерін жылы сабынды
сумен суланған жұмсақ шүберекпен тазалауға
болады. Еріткіштерді немесе абразивті
заттарды қолданбаңыз.
Жуғыш зат тартпасын тазалау
Диспенсерді көтеріп,
т а р т у а р қ ы л ы
шығарып алыңыз
(суретті қараңыз).
О н ы с у а ғ ы н ы
астында жуыңыз;
бұл әрек етті жиі
қайталап тұру керек.
Құрылғының есігі мен барабанына
күтім көрсету
Жағымсыз иістер пайда болмауы үшін
есікті әрқашан сәл ашып қою керек.
Сорғыны тазалау
Кір жуғыш-кептіргіш машина ешбір
техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейтін,
өзін-өзі тазалайтын сорғымен жабдықталған.
Кейде кіші заттар (тиындар немесе түймелер
сияқты) сорғының төменгі жағындағы, оны
қорғайтын алдыңғы камераға түсіп кетуі
мүмкін.
! Жуу циклы аяқталғанына көз жеткізіңіз де,
құрылғыны розеткадан ағытыңыз.
Алдыңғы камераға қол жеткізу үшін:
1. қақпақты сағат
тіліне қарсы
бағытта бұру
арқылы бұрап
шығарып алыңыз
(суретті қараңыз):
кішкене су ағып
кетуі мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай;
2. ішін жақсылап тазалаңыз;
3. қақпақты орнына бұраңыз;
Судың кіріс түтігін тексеру
Кіріс түтігін кем дегенде жылына бір
рет тексеріңіз. Шатынаған болса, оны
дереу ауыстыру керек: жуу циклдарының
барысында су қысымы өте жоғары болады
және шатынаған түтік жарылып кетуі
әбден мүмкін.
! Бұрын қолданылған түтіктерді пайдаланушы
болмаңыз.
1
2