
Бағдарламалар мәзірі
¦ Сигнал тізімін пайдалану
Сигнал тізімі
O MENUm → Бағдарламалар → Сигнал тізімі → ENTERE
✎
SOURCE түймешігін басқан кезде Сигнал көзі экраны бірден көрсетіледі.
✎
Тек ТД-ға жалғанған сыртқы құрылғыларды ғана таңдауға болады. Қосулы құрылғылар Сигнал көзі режимінен
көрсетіледі.
¦ USB құралын жалғау
1. Теледидарыңызды қосыңыз.
2. Фотосурет, музыка және бейнефайлдар сақталған USB құралын, ТД бүйіріндегі USB ұяшығына жалғаңыз.
3. USB теледидарға жалғанған кезде қалқымалы терезе көрсетіледі. Фотосурет-р, Бейнелер немесе Музыка
параметрлерін таңдауға болады.
✎
Бұл лицензиясы жоқ мультимедиа файлдарын дұрыс ойнатпауы мүмкін.
✎
Медиа мазмұн функциясын қолданар алдында білуге тиіс нәрселер
• MTП-ға (мультимедиа тарату протоколы) қолдау көрсетілмейді.
• Қолдау көрсетілетін файл жүйелеріне FAT және exFAT жатады.
• USB сандық камералары мен аудио құрылғыларының кейбір түрлері бұл теледидарға сәйкес келмеуі мүмкін.
• Медиа мазмұн тек ілеспе jpeg пішіміне ғана қолдау көрсетеді.
• Медиа мазмұн тек USB Mass Storage Class (MSC) құралдарына ғана қолдау көрсетеді. MSC – деректерді
топтастыра жинайтын, ағытпалы жинақтауыш құрылғысы. MSC құрылғылары деп Thumb дискілері, флэш карта
оқу құралдарын (USB HUB құралына қолдау көрсетілмейді) айтамыз. Құралдарды теледидардың USB ұяшығына
тура жалғау керек.
• Құрылғыны теледидарға қоспас бұрын файлдардың бұзылып немесе жойылып кетуінен сақтану мақсатында
олардың сақтық көшірмесін жасаңыз. SAMSUNG компаниясы қандай да бір мәліметтің бұзылғаны немесе
деректердің жойылғаны үшін жауап бермейді.
• USB ұяшығына жалғанған HDD-ге (тұрғылықты диск жетегі) қолдау көрсетілмейді.
• USB құралын мәліметті түсіру кезінде ажыратпаңыз.
• Бейненің ажыратымдылық деңгейі неғұрлым жоғары болса, оны бейнебетке шығару да соғұрлым көп уақыт
алады.
• Ең үлкен қолдау көрсетілетін JPEG ажыратымдылығы – 15360 x 8640 пиксел.
• Қолдау көрсетілмейтін немесе бүлінген файлдар үшін “Қолдауға ие файл пішімі емес” хабары көрсетіледі.
• Сценарий іздеу және белгі функцияларына Бейнелер режимінде қолдау көрсетілмейді.
• Ақылы веб-тораптан қотарылған СҚБ жүйесі бар MP3 файлдарды ойнату мүмкін емес. Сандық құқықтарды
басқару (СҚБ) - мазмұнның жасалуына, мазмұнның тұтас әрі бүтін таратылуы мен басқарылуына, соның ішінде
мазмұнды ұсынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, мазмұнның заңсыз көшірмесін жасауға жол
бермеуге, сондай-ақ есепшоттар мен төлемдерді басқаруға қолдау көрсететін технология болып табылады.
• PTP қосылым режиміне сандық камераларда ғана қолжетімді. ТД-ға смартфон немесе планшетті PTP режимі
арқылы қосқан кезде, танылмауы мүмкін.
• Көп қуат қажет ететін (500mA немесе 5В-тан астам) USB құралына қолдау көрсетілмеуі мүмкін.
• Автоматты қорғау уақыты параметрінде көрсетілген уақыт ішінде теледидардан ешнәрсе көрсетілмесе,
бейнебет қорғағыш іске қосылады.
22
Кеңейтілген функциялары
Қазақша
PF4000-RU_KAZ.indd 22 2013-02-20 �� 3:27:27