
• Aнтенна (Сигнал көзі параметрі ТД режиміне
қойылғанда): АТД не DTV режимін таңдаңыз.
Арна (Сигнал көзі параметрі ТД режиміне
қойылғанда): Қажетті арнаны таңдаңыз.
Музыка / Фото (Сигнал көзі параметрі USB режиміне
қойылғанда): USB құралының ішіндегі саз немесе
фотосуреті бар қалтаны, теледидар автоматты түрде
қосылған кезде ойнату үшін таңдаңыз.
–
USB құралында ешбір саз файлы болмаса немесе
саз файлдары салынған қалта таңдалмаса,
таймер функциясы дұрыс жұмыс істемейді.
–
USB құралында тек бір ғана фотосурет файлы
болса, слайд көрмесі көрсетілмейді.
–
Ұзын атаумен аталған қалтаны таңдау мүмкін
емес.
–
Сіз қолданатын әр USB құралының өзіне
арналған қалтасы болады. Бірнеше біркелкі USB
құралдарын қолданған кезде, USB құралының
әрқайсысына тағайындалған қалтаның өзіндік
атауы болуын қамтамасыз етіңіз.
–
Қосатын таймер функциясын қолданғанда,
USB жады құралын және мульти карта ридерін
қолдануды ұсынамыз.
–
Қосатын таймер функциясы кіріктірілген
батареясы бар USB құралдарын, MP3
ойнатқыштарды немесе басқа өндіруші жасаған
PMP құралдарын қолданғанда жұмыс істемеуі
мүмкін, себебі бұндай құралдарды тануға ұзақ
уақыт жұмсалады.
• Өшіретін таймер: Үш жеке теңшелімді Өшіретін
таймер орнатуға болады. (1-өшіретін таймер,
2-өшіретін таймер, 3-өшіретін таймер)
Орнату: Қалауыңыз бойынша орнату үшін Сөндіру,
Бір рет, Күнделікті, Дс-Жм, Дс-Сн, Сб-Жс немесе
Қолмен параметрін таңдаңыз. Егер Қолмен режимін
таңдасаңыз, таймерді іске қосқыңыз келген күнді
таңдай аласыз.
✎
c белгісі күннің таңдалғанын білдіреді.
Уақыт: Сағат пен минутты орнатыңыз.
¦ Экономикалық шешім
Үнемдеу шешімі
O MENUm → Жүйе → Үнемдеу шешімі → ENTERE
• Қуат үнемдеу: Қуат шығынын азайту үшін
теледидардың жарықтылығын реттейді.
• Сигн. ж. кезде қуат ажыр.: Қуатты босқа шығындамас
үшін, сигнал қабылданбаған жағдайда теледидардың
қанша уақыт қосылып тұруға тиіс екенін көрсетіңіз.
• Қуат. авто ө.: 4 сағатта ешбір әрекет орындалмаса
теледидар автоматты түрде сөнеді.
✎
Қуат. авто ө. параметрі Сөндіру қалпында
тұрса, ТД-да ешбір жұмыс жасалмаса да, ТД
қосулы тұрады.
¦ Басқа функциялары
Мәзір тілі
O MENUm → Жүйе → Мәзір тілі → ENTERE
Мәзір тілін орнатады.
Экранға сурет басылу-н қорғау
O MENUm → Жүйе → Экранға сурет басылу-н қорғау
→ ENTERE
Бұл құрылғы бейнебеттің жанып кетуін азайту үшін,
бейнебеттің жанып кетуінің алдын алатын Пиксел
жылжыту технологиясымен жабдықталған. Пиксел
жылжыту функциясы бейнебеттегі суретті сәл жылжытады.
Уақытты орнату функциясы бейне қозғалыстарының
аралығындағы уақытты минут бойынша орнатуға мүмкіндік
береді.
Бұл ТД сонымен қатар бейнебетті жанып кетуден
қорғайтын келесі қосымша функциялармен жабдықталған:
• Пиксел жылжыту
• Автоматты қорғау уақыты
• Айналдыру
• Бүйір сұр
• Пиксел жылжыту: Осы функцияны қолданып ПБП
пикселдерін, экранда суреттің қалып қоюын азайту үшін
көлденең немесе тік бағытта минут сайын жылжитын
етіп баптауға болады.
✎
Қолжетімді Пикселді жылжыту параметрлері
мен Оңтайлы параметрлер
Элемент ТД / HDMI
Көлденең 0~4 4
Тік 0~4 4
Уақыт (минут) 1~4 мин 4 min
✎
Пиксел жылжыту мәні монитор өлшеміне
(дюйм) және режиміне қарай әр түрлі болуы
мүмкін.
✎
Бұл функция Экранға сәй-у режимінде жұмыс
жасамайды.
20
Қалаулы функциялар
Қазақша
PF4000-RU_KAZ.indd 20 2013-02-20 �� 3:27:26