
Жалпы интерфейс
O MENUm → Тарату → Жалпы интерфейс →
ENTERE
• CI мәзірі: Бұл функция пайдаланушыларға CAM модулі
ұсынатын мәзір параметрлерін таңдауға мүмкіндік
береді. PC Card платасының негізіндегі CI мәзірін
таңдаңыз.
• CAM бейне түрлендіру: Параметрді CAM құралынан
келетін видео кодектің кодын автоматты түрде
өзгертетін етіп баптауға болады. Егер бұл параметрді
пайдаланғыңыз келмесе Сөндіру қалпына қойыңыз.
✎
Видео кодектің кодын өзгертуге мүмкіндік
беретін CAM пайдаланылуға тиіс.
• Бағдарлама ақпараты: CI ұяшығына салынған CAM
туралы және CAM ұяшығына салынған “CI немесе CI+
CARD” картасындағы ақпаратты қараңыз. CAM модулін
кез келген уақытта, теледидар қосылып не сөндіріліп
тұрса да орнатуға болады.
1. CI CAM модулін жақын жердегі дилерге хабарласу
не телефон шалу арқылы сатып алыңыз.
2. “CI немесе CI+ CARD” картасын CAM ұяшығына
көрсеткі бағыты бойынша мықтап кіргізіңіз.
3. “CI немесе CI+ CARD” картасы бар CAM модулін,
ортақ интерфейс ұяшығына көрсеткіні ұяшыққа
параллель келтіріп ұстау арқылы салыңыз.
4. Сигналдары кодталған арнада бейненің көрінетін-
көрінбейтінін тексеріңіз.
Сурет мәзірі
¦ Алдын ала орнатылған сурет режимін
өзгерту
Сурет режимі t
O MENUm → Сурет → Сурет режимі → ENTERE
Қалаған сурет түрін таңдаңыз.
• Динамика.: Жарық бөлмеге сай келеді.
• Стандартты: Қалыпты ортаға сай келеді.
• Фильм: Қараңғы бөлмеде бейнефильм көруге сай
келеді.
¦ Сурет параметрлерін реттеу
Ұяшық жарығы / Контраст / Ашықтық /
Айқындық / Түс / Реңк (Ж/Қ)
Теледидарыңыз суреттің сапасын басқаруға арналған
бірнеше параметрлермен жабдықталған.
✎
ЕСКЕРІМ
• PAL жүйесінің аналогтық ТД, Сыртқы, AV
режимдерінде Реңк (Ж/Қ) функциясы жұмыс
істемейді.
• Теледидарға қосылған әрбір сыртқы құрылғы үшін
параметрлерді реттеуге және сақтауға болады.
• Суреттің жарықтылығын азайтқанда қуат аз
шығындалады.
Сурет өлшемі
O MENUm → Сурет → Сурет өлшемі → ENTERE
Сурет өлшемі және өлшем қатынасы тәрізді әр түрлі сурет
параметрлерін орнатыңыз.
✎
Таңдалған режим түріне қарай, параметр
элементтері де әр түрлі болуы мүмкін.
✎
Сигналдың қандай көзден қабылданғанына
байланысты сурет өлшемі параметрлері де әр түрлі
болуы мүмкін.
• Сурет өлшемі t: Кабельдік декодер/жерсерік
ресиверінің өзіндік бейнебет өлшемдері болуы мүмкін.
Дегенмен, көбінесе 16:9 режимін қолдануды ұсынамыз.
Авто кең-у: Сурет өлшемін 16:9 пішіміне автоматты
түрде келтіреді.
16:9: Суретті 16:9 кең пішімде көрсету режимін
орнатады.
Кең эк масшт: Суреттің өлшемін 4:3 пішімінен үлкен
пішімге қояды.
✎
Позиция параметрін ▲, ▼ түймешіктерімен
реттейді.
Масшт: 16:9 пішіміндегі суретті бейнебеттің өлшеміне
дәл келтіру үшін тік бағытта үлкейтеді.
✎
Масшт немесе Позиция параметрін ▲, ▼
түймешіктерімен реттейді.
4:3: Суретті негізгі (4:3) режимге қояды.
✎
4:3 пішімінде ұзақ уақыт қарамаңыз. Бейнебеттің
сол, оң жағы мен ортасында пайда болатын
жиек сызықтар, бейненің қалып қоюына
(экранның жануына) алып келуі мүмкін, бұндай
жағдай кепілдік шартына кірмейді.
Экранға сәй-у: HDMI (720p / 1080i / 1080p) немесе
Component (1080i / 1080p) сигналдары қабылданған
кезде, бейненің шетін қимастан толық көрсетеді.
15
Қазақша
02 Негізгі функциялары
PF4000-RU_KAZ.indd 15 2013-02-20 �� 3:27:19