Dil ID: 1
Dil Adı: english
Dil Kodu: en1 Audibel Brand's Products
Dünyanın En Büyük
Elektronik Bilgi Kütüphanesi



33333
KZ
3
СМАРТ ДИСПЛЕЙ
Бұл қосымша функцияны қуатты сақтау үшін пайдалануға болады.
Смарт дисплей функциясын белсендіру үшін дыбыстық белгі
естілгенше
Тоңазытқыш °C жəне Қатырғыш °C түймелерін бір
мезгілде 3 секунд бойы қатар басып тұрыңыз. Бұл функцияны өшіру
үшін, дəл сол процедураны қайталаңыз. Бұл функция құрылғыны
қуат көзінен ажыратпай, тек сыртқы дисплей тұтынатын қуатты
азайтатынын есте сақтаңыз.
ТЕМПЕРАТУРА ИНДИКАТОРЫ *
Температура индикаторы оның ішіндегі температураның тағамды
сақтайтындай суық екенін “OK” сөзі арқылы хабарлайды.
1. Индикатор шамында OK сөзінің анық көрінетінін тексеріңіз
(төмендегі суретті қараңыз).
2.
Егер “OKсөзі көрінбесе, бұл температура тым жоғары дегенді
білдіреді: төменірек температураны орнатыңыз да, ол əбден
тұрақтанғанша шамамен 10 сағаттай күтіңіз.
3. Индикатор шамын қайтадан тексеріңіз: егер қажет болса,
бастапқы əрекетті орындап, оны қайтадан реттеңіз. Егер
тағам көп мөлшерде салынса немесе тоңазытқыштың есігі
жиі ашылса, индикатор шамда OK сөзінің көрінбеуі - қалыпты
жағдай. ТОҢАЗЫТҚЫШ ЖҰМЫСЫ тетігін жоғарырақ параметрге
ауыстырмас бұрін кем дегенде 10 сағат күтіңіз.
ТАҒАМ САҚТАУ АЙМАҒЫ 0 °C / ҚАУІПСІЗ ЖІБІТУ *
Ет пен балық сияқты жас тағамды сақтауға арналған бөлімше.
Бөлімшенің ішіндегі төмен температура тағамның нəрлілігін, сыртқы
түрі мен дəмін өзгертпестен бір аптаға дейін сақтауға мүмкіндік
береді - сынақ ет тағамдарымен жүргізілді. Бүл бөлімше сондайқ
тағамды денсаулыққа зиянсыз түрде жібітуге қолайлы, себебі төмен
температурада жібіту микроорганизмдердің өсіп-өнуіне жол бермей,
тағамның дəмі мен органолептикалық сипаттарын қорғайды.
бұл бөлімше жеміс-жидекке, көкөніс пен көк салатқа жарамайды.
Алайда оны толтырмасы бар жаңа піскен макарон жəне тіпті піскен
тамақ немесе қалған тамақ үшін пайдалануға болады.
ЖЕМІС-ЖИДЕК ПЕН КӨКӨНІС ЖӘШІГІ *
Тоңазытқыштың ішіндегі салат контейнерлері көкөністер мен
жемістерді жас жəне солмаған күйінде сақтауға арналған. Егер
жеміс сияқты тағамды ылғалдылығы төмендеу ортада сақтағыңыз
келсе, ылғалдылықты реттегішті ашыңыз (B бағыты) немесе
тағамды ылғалдау ортада сақтағыңыз келсе оны жабыңыз (A
бағыты).
A
B
A
B
СӨРЕЛЕР *
Арнайы бағыттауыштарының көмегімен сөрелерді алып шығуға
болады жəне биіктігі реттеліп, көлемі үлкен ыдыс пен тағамды оңай
сақтауға мүмкіндік береді.
ДАБЫЛДАР КЕСТЕСІ
ДАБЫЛ ТҮРІ СИГНАЛ СЕБЕБІ ШЕШІМІ
Ашық есік дабылы Дыбыстық дабыл белсендіріледі жəне Дабыл
индикаторы жыпылықтайды
.
Есік 2 минуттан артық ашық тұр. Есікті жабыңыз немесе дыбыстық дабылдың дауысын басу
үшін Дабылды тоқтату түймешігін басыңыз.
Температура дабылы Температура дисплейі (°C) жыпылықтайды жəне
Дабыл индикаторы
қосулы күйде қалады.
Ішкі температура дұрыс емес.
Stop Alarm (Дабылды тоқтату) түймесін басыңыз
; дыбыстық белгі тоқтайды, температура дисплейі (°C)
жыпылықтайды, ал дабыл индикаторы температура <
-10°C деңгейіне жеткенше қосулы қалады.
Party режимінің
дабылы
Party режимі индикаторы
жыпылықтайды жəне
дыбыстық дабыл белсендіріледі.
Party режимі функциясы белсендірілгеннен
кейін 30 минут өтті. Бөтелкені мұздатқыштан
шығару уақыты келді (қосымша ақпарат алу
үшін Пайдалану нұсқауларын қараңыз).
Дабылды тоқтату түймешігін басыңыз
жəне бөтелкені
мұздатқыштан алып тастаңыз.
Ұзақ қуатты өшіру
дабылы
Қуат өшу дабылы белгішесі
жанып тұрады,
дабыл индикаторы жыпылықтайды жəне
температура дисплейі (°C) жыпылықтайды.
Ұзаққа созылған қуат іркілісі ішкі
температураның 0°C дейін артуын тудыруы
мүмкін.
Stop Alarm (Дабылды тоқтату) түймесін басыңыз
;
дыбыстық белгі тоқтайды, температура дисплейі (°C)
жыпылықтайды, ал дабыл индикаторы температура
< -10°C мəнге жеткенше жанып тұрады.
ЖҰМЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСТІЛУІ МҮМКІН КЕЙБІР ДЫБЫСТАР
Құрылғыны бірінші рет немесе
ұзақ іркілістен кейін қосу кезіндегі
ысылдаған дыбыс.
Хладагент сұйықтығы түтіктерге
кірген кездегі бүлкілдеген дыбыс.
Жұмыс істеп тұрған компрессордан
шығатын "бррр" дыбысы.
Су краны немесе желдеткіш
жұмысты бастаған кездегі
быжылдаған дыбыс.
Компрессор іске қосылған кездегі
сатырлаған дыбыс.
Сыртылдаған дыбыс компрессордың
қаншалықты жиі жұмыс істейтінін
реттейтін термостаттан шығады.