Dil ID: 1
Dil Adı: english
Dil Kodu: en1 Audibel Brand's Products
Dünyanın En Büyük
Elektronik Bilgi Kütüphanesi



22222
2
КЕРЕКАРАҚТАР
ОҢАЙ МҰЗ БӨТЕЛКЕ СӨРЕСІ
АЛҒАШҚЫ РЕТ ПАЙДАЛАНУ
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОСУ ЖОЛЫ
Құрылғыны желіге қосқаннан кейін ол автоматты түрде
жұмыс істей бастайды. Құрылғыны іске қосқаннан
кейін тағамды мұздатқышқа жəне мұздатқыш бөліміне
салудан бұрын кем дегенде 4-6 сағат күте тұрыңыз.
Құрылғы қуат көзіне қосылғанда дисплей жанады жəне
барлық белгішелер дисплейде шамамен 1 секунд бойы
көрсетіледі. Тоңазытқыш - мұздатқыш бөлімшелері
параметрлерінің əдепкі (зауыттық) мəндері жанады.
КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
ФУНКЦИЯЛАР
ON/STANDBY ИНДИКАТОРЫ /ТҮЙМЕСІ
Өнімді күту режиміне қою үшін 3 секунд басып тұрыңыз. On/Standby
(Қосу/күту) индикаторынан басқа барлық белгішелер өшеді. Құрылғыны
қайта іске қосу үшін, осы түймешікті бір рет (жылдам) басыңыз.
ТОҢАЗЫТҚЫШТЫҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫН ОРНАТУ
Тоңазытқыш температурасын реттеу үшін
Fridge °C түймесін
басыңыз. Тоңазытқыш температурасының жарық диодтары арқылы
көрсетілгендей, Тоңазытқыш температурасын +2°C жəне +8°C
аралығында реттеуге болады.
ЖЫЛДАМ САЛҚЫНДАТУ
Жылдам салқындату функциясын пайдаланып тоңазытқыш бөлімінің
салқындату мүмкіндігін арттыруға болады. Бұл функцияны пайдалану
тоңазытқыш бөлімшесіне тағамның өте үлкен көлемін салған кезде
пайдаланған жөн. Жылдам салқындату функциясын іске қосу үшін,
Fridge °C түймешігін 3 секунд бойы басып тұрыңыз. Іске қосылған кезде,
реттілікпен көрсетілгендей Жылдам салқындату белгісі Тоңазытқыш
температурасының жарық диодтары арқылы көрсетіледі. Функция 6
сағаттан кейін автоматты түрде өшіріледі немесе Fridge °C түймешігін
басу арқылы қолмен өшіруге болады.
МҰЗДАТҚЫШТЫҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫН ОРНАТУ
Құрылғының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін ол зауытта -18°C
температурасына орнатылған. Мұздатқыш температурасын реттеу үшін
Freezer °C түймешігін басыңыз. Мұздатқыш температурасының жарық
диодтары арқылы көрсетілгендей, Мұздатқыш температурасын -16°C
жəне -2C аралығында реттеуге болады.
ТЕЗ МҰЗДАТУ
Бұл функцияны пайдалану мұздатылатын тағамдардың үлкен көлемін
мұздатқыш бөліміне салу кезінде ұсынылады. Балғын тағамдарды
мұздатудан 24 сағат бұрын, Жылдам мұздату функциясын белсендіру
үшін Мұздатқыш түймешігін 3 секунд ішінде басып тұрыңыз. Іске
қосылған кезде, реттілікпен көрсетілгендей Жылдам мұздату белгісі
Тоңазытқыш температурасының жарық диодтары арқылы көрсетіледі.
24 сағаттан кейін мұздатылатын тағамды мұздатқыш бөлімінің жоғарғы
себетіне орналастырыңыз. Функция 48 сағаттан кейін автоматты түрде
өшіріледі немесе Freezer °C түймешігін қайта басу арқылы өшіріле
алады.
ТОҢАЗЫТҚЫШ ШАМЫ
Тоңазытқыш бөлімінің ішіндегі жарық жүйесі, жарықтың жақсы жануына
мүмкіндік беретін, соған байланысты қуаттың аз шығындалуын
қамтамасыз ететін жарық диодының шамын пайдаланады. Жарық диод
шамының жүйесі жұмыс істемесе, оны ауыстыру үшін, қызмет көрсету
орталығымен хабарласыңыз.
PARTY РЕЖИМІ
Бұл функцияны сусындарды мұздатқыш бөлімінде салқындату үшін
пайдаланыңыз. Party режимі функциясын белсендіру/өшіру үшін осы
түймені басыңыз.
Party режимі іске қосылғаннан кейін 30 минут өткенде дыбыстық белгі
арқылы сусынды немесе шөлмекті мұздатқыш бөлімшеден алу керектігі
ескертіледі. Дыбыстық белгіні өшіру үшін Дабылды тоқтату түймесін
басыңыз немесе Party режимі түймесін басу арқылы функцияны өшіріңіз.
Маңызды: бөтелкені мұздатқыш бөлімінде функцияның белсенді болу
мерзімінен (30 минут) ұзағырақ уақытқа қалдырмаңыз.
ҚУАТТЫ ӨШІРУ ДАБЫЛЫ
Электрдің үзілуі орын алған жағдайда, өніміңіз электр қуаты қайта
берілген кезде мұздатқыштағы температураны автоматты түрде
бақылау үшін жасақталған. Мұздатқыштағы температура мұздатқыш
деңгейінен жоғары көтерілсе,
Қуатты өшіру белгішесі жанып,
Дабыл белгішесі жыпылықтайды жəне электрлік қуат қайта берілгенде
акустикалық дабыл беріледі. Дабылды қалпына келтіру үшін
Қалпына келтіру түймесін бір рет басыңыз.
Функциялар бойынша толық мәліметті Пайдалану мен
күтіп ұстау нұсқаулығынан қараңыз / Пайдалану мен күтіп
ұстау нұсқаулығын қалай алу туралы соңғы беттен қараңыз