Dil ID: 1
Dil Adı: english
Dil Kodu: en5 Aticio Brand's Products
Dünyanın En Büyük
Elektronik Bilgi Kütüphanesi



2828282828
28
Меншікті сіңіру нормасы (МСН) куәлігі туралы
ақпарат
БҰЛ ҚҰРЫЛҒЫ РАДИО ТОЛҚЫНДАРҒА ШЫҒАРУҒА
АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРҒА СӘЙКЕС
КЕЛЕДІ
Ұялы құрылғыңыз радио таратқыш және қабылдағыш болып
табылады. Ол халықаралық қағидалар бойынша ұсынылған радио
толқындарғаадио жиілікті электромагнитті өрістерге) шығару
шектерінен аспауға арналған. Бұл қағидаларды тәуелсіз ғылыми ұйым
(ICNIRP) әзірлеген және оларға жасы мен денсаулығына қарамастан
барлық адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған негізгі
қауіпсіздік шегі кіреді.
Радио толқынға шығару қағидалары меншікті сіңіру нормасы немесе
МСН деген өлшем бірлігін пайдаланады. Ұялы құрылғыларға арналған
МСН шегі 2,0 Вт/кг болады.
МСН тексерулері барлық тексерілген жиілік ауқымдарында ең жоғарғы
куәландырылған қуат деңгейімен жіберетін құрылғымен стандартты
жұмыс күйлері арқылы жүзеге асады. Бұл құрылғы моделіне арналған
ICNIRP қағидалары бойынша ең жоғарғы МСН мыналар:
Осы модельге арналған максималды МСН және жазылған
жағдайлар
Бас МСН 0,819 Вт/кг
Денеге тағылатын МСН 0,610 Вт/кг
Пайдалану кезінде бұл құрылғыға арналған нақты МСН мәндері
әдетте жоғарыда көрсетілген мәндерден біраз төмен болады. Мұның
себебі - жүйенің тиімділігі мақсатымен және желіге кедергіні азайту
үшін қоңырауға толық қуат қажет етілмегенде ұялы құрылғыңыздың
жұмыс қуаты автоматты түрде төмендейді. Құрылғының қуат өнімділігі
неғұрлым төмен болса, оның МСН мәні де соғұрлым төмендейді.
Осы құрылғыда мақұлданған көмекші құралмен немесе 0,5 см бөлу
арақашықтығында денеге киетін МСН сынағы орындалды. Денеге кию
әрекеті кезінде RF әсері нұсқаулықтарына сай болу үшін, құрылғыны
мақұлданған көмекші құралмен немесе денеден кемінде 0,5 см
қашықтықта пайдаланылуы керек. Мақұлданған көмекші құрал
пайдаланылса, көмекші құралда ешқандай металл бөлшектердің
жоқтығына және ол құрылғыға денеден кемінде 0,5 см алшақ
қашықтықта орналасқанына көз жеткізіңіз.