27
Төтенше қызмет орындарына қоңырау шалынатынын
тексеріңіз
Құрылғыңыздан төтенше қызмет орындарына кейбір аймақтарда
немесе жағдайларда қоңырау шалынбауы мүмкін. Қолданыс
аясынан тыс немесе дамымаған аумақтарға саяхатқа шығар алдында
төтенше қызмет қызметкерлерімен байланысқа түсудің басқа әдісін
жоспарлаңыз.
Жеке және маңызды деректеріңізді қауіпсіз ұстау
Құрылғыны пайдаланғанда, маңызды деректердің сақтық •
көшірмесін жасап қойыңыз. Samsung деректердің жоғалуына
жауапты емес.
Құрылғыңызды қалдық ретінде тастағанда, барлық деректердің •
сақтық көшірмесін жасап, жеке деректеріңізді басқа пайдалануға
жол бермеу үшін құрылғыңыздың зауыттық мәндерін қалпына
келтіріңіз.
Бағдарламаларды жүктеп алғанда, рұқсаттар экранын мұқият •
оқыңыз. Көптеген функцияларды немесе жеке ақпаратыңыздың
көп бөлігін пайдалану мүмкіндігін беретін бағдарламалармен аса
мұқият болыңыз.
Есептік жазбаларыңызды жиі тексеріп отырыңыз: рұқсатсыз немесе •
сенімсіз кіру жағдайларынан сақтаныңыз. Жеке ақпаратыңыздың
дұрыс қолданылмағанын байқасаңыз, қызмет жеткізушісіне
хабарласып, есептік жазба ақпаратын жойыңыз немесе өзгертіңіз.
Құрылғы жоғалса немесе ұрланса, жеке ақпаратыңызды қорғау үшін •
есептік жазбалардың құпия сөздерін ауыстырыңыз.
Танымайтын көздердің бағдарламаларын пайдаланбаңыз, •
құрылғыны өрнекпен, құпия сөзбен немесе PIN кодымен
құлыптаңыз.
Авторлық құқықпен қорғалған мтериалды таратпаңыз
Авторлық құқығы қорғалған материалды иесінің рұқсатынсыз
таратуға болмайды. Мұны сақтамаудан авторлық құқық туралы заңдар
бұзылуы мүмкін. Өндіруші авторлық құқықпен қорғалған материалды
пайдаланушының заңсыз пайдалануынан туындаған құқықтық
мәселелерге жауапты емес.