
12
USB қуат адаптерін ток көзіне қосыңыз.2.
Егер құрылғыны зарядтау барысында қуат тұрақсыз
берілсе, сенсорлы экран жұмыс істемеуі мүмкін.
Солай болса, USB кабелін құрылғыдан суырып
алыңыз.
Батарея толық зарядталған кезде, алдымен USB 3.
кабелін құрылғыдан ажыратып, одан кейін USB қуат
адаптерін электр розеткасынан ажыратыңыз.
Қуатты үнемдеу үшін, пайдаланылмайтын кезде
USB қуат адаптерін ажыратып қойыңыз. USB қуат
адаптерінің қосқышы жоқ, сондықтан қолданбаған
кезде электр қуатының жұмсалуын тоқтату үшін
USB қуат адаптерін электр розеткасынан ажырату
керек. Құрылғы зарядтау кезінде электр розеткасына
жақын қалуы тиіс.