
11
Батареяны зарядтау
Құрылғыны алғаш пайдаланар алдында, батареяны
зарядтап алуыңыз қажет.
Тек Samsung бекіткен зарядтағыштар мен
кабельдерді пайдаланыңыз. Бекітілмеген
зарядтағыштар немесе кабельдер батареялардың
жарылуына немесе құрылғының зақымдалуына
себеп болуы мүмкін.
Егер батарея заряды толығымен бітсе, құрылғыны
•
батарея зарядталып жатырса да қоса алмайсыз.
Құрылғыны қосардың алдында заряды біткен
батареяның бірнеше минут зарядталуына
мүмкіндік беріңіз.
USB адаптерінің кескіні аймаққа байланысты әр
•
түрлі болуы мүмкін.
USB кабелін USB адаптеріне жалғап, USB кабелінің 1.
екінші жағын көп функциялы ұяға қосыңыз.
USB кабелін дұрыс жалғамау салдарынан құрылғыға
немесе USB адаптеріне зақым келуі мүмкін. Дұрыс
қолданбау салдарынан туындаған залалдар кепілдік
қызмет көрсету шараларына енгізілмейді.