
Осы нұсқаулықты пайдалану
4
Бұл құрылғыда берілген бағдарламалық жасақтамаға,
●
дыбыс ресурстарына, тұсқағаздарға, суреттерге және
басқа ресурстарға рұқсат Samsung және оның тиісті
иелері арасында шектеулі пайдалану үшін берілген.
Бұл материалдарды шығарып алып, коммерциялық
немесе басқа мақсаттарға пайдалану авторлық құқық
туралы заңдарды бұзғандық болып саналады. Samsung
корпорациясы пайдаланушы тарапынан мұндай авторлық
құқықтың бұзылуына жауапты емес.
Бұл нұсқаулықты кейінірек те пайдалану үшін сақтап
●
қойыңыз.
Нұсқаулық белгішелері
Іске кіріcу алдында осы нұсқаулықта кездесетін
белгішелермен танысып алыңыз:
Ескерту—өзіңіздің немесе басқалардың
жарақаттануына себеп болатын жағдайлар
Сақтандыру—құрылғыңыздың немесе басқа
жабдықтың зақымдалуына себеп болатын жағдайлар
Ескертпе—жазбалар, пайдалану кеңестері немесе
қосымша ақпарат
►
Қараңыз—ақпаратқа қатысты беттер, мысалы:
►
12-б. («12-бетті қараңыз» дегенді білдіреді)
→
Келесі—қадамды орындау үшін таңдалатын опциялар
немесе мәзірлер реті, мысалы: Күту режимінде
бағдарламалар тізімін ашып, Параметрлері
→
Телефон туралы (Параметрлері, одан кейін
Телефон туралы келетінін білдіреді) опциясын
таңдаңыз
[ ] Тік жақшалар—құрылғы пернелері, мысалы:
[
] (Мәзір мәзір пернесі)