Dil ID: 1
Dil Adı: english
Dil Kodu: en5 Astound Brand's Products
Dünyanın En Büyük
Elektronik Bilgi Kütüphanesi



33333
Осы нұсқаулықты пайдалану
3
Алдымен мені оқып шығыңыз
Қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін құрылғыңызды
пайдаланбас бұрын қауіпсіздік туралы барлық сақтық
шаралары мен осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Бұл нұсқаулықтың сипаттамалары құрылғыңыздың әдепкі
параметрлеріне негізделген.
Бұл пайдаланушы нұсқаулығында пайдаланылған суреттер
мен скриншоттар қолыңыздағы өнімнен сыртқы жағынан
ерекшеленуі мүмкін.
Бұл пайдаланушы нұсқаулығындағы мазмұн өнімнен немесе
қызмет көрсетуші провайдерлер немесе тасымалдаушы
берген бағдарламалық жасақтамадан ерекшеленуі мүмкін
және алдын ала ескертусіз өзгертіледі. Пайдаланушы
нұсқаулығының соңғы нұсқасын www.samsung.com
сайтынан қараңыз.
Қол жетімді мүмкіндіктер мен қосымша қызметтер құрылғы,
бағдарламалық жасақтама немесе қызмет көрсетуші
провайдер бойынша ерекшеленуі мүмкін.
Бұл пайдаланушы нұсқаулығын пішімдеу және жеткізу
Google Android операциялық жүйелеріне негізделген және
пайдаланушының операциялық жүйесіне байланысты әр
түрлі болуы мүмкін.
Бағдарламалар мен олардың функциялары ел, аймақ
немесе аппараттық жасақтама сипаттамалары бойынша
ерекшеленуі мүмкін. Samsung корпорациясы үшінші тарап
бағдарламаларынан туындаған жұмыс істеу мәселелеріне
жауапты емес.
Samsung компаниясы өңделген тіркеу параметрлері мен
өзгертілген амалдық жүйе бағдарламалық құралдары
салдарынан болатын өнімділік мәселелері үшін жауапты
емес. Амалдық жүйенің параметрлерін өзгерту әрекеті
құрылғының немесе құралдардың дұрыс жұмыс істемеуіне
әкеп соқтыруы мүмкін.
www.samsung.com сайтына кіріп, ұялы телефоныңыздың
бағдарламалық жасақтамасын жаңартуыңызға болады.