
Төтенше қызмет орындарына қоңырау шалынатынын
тексеріңіз
Құрылғыңыздан төтенше қызмет орындарына кейбір аймақтарда
немесе жағдайларда қоңырау шалынбауы мүмкін. Қашық немесе
дамымаған аймақтарда саяхаттау алдында, төменше қызметтерге
хабарласудың қосымша әдісін жоспарлаған жөн.
Жеке және маңызды деректеріңізді қауіпсіз ұстау
Құрылғыны пайдаланғанда, маңызды деректердің сақтық •
көшірмесін жасап қойыңыз. Samsung деректердің жоғалуына
жауапты емес.
Құрылғыңызды қалдық ретінде тастағанда, барлық деректердің •
сақтық көшірмесін жасап, жеке деректеріңізді басқа пайдалануға
жол бермеу үшін құрылғыңыздың зауыттық мәндерін қалпына
келтіріңіз.
Авторлық құқықпен қорғалған мтериалды таратпаңыз
Жазып алған, бірақ авторлық құқықпен қорғалған материалды
басқаларға мазмұн иелерінің рұқсатынсыз таратпаңыз. Мұны
сақтамаудан авторлық құқық туралы заңдар бұзылуы мүмкін. Өндіруші
авторлық құқықпен қорғалған материалды пайдаланушының заңсыз
пайдалануынан туындаған құқықтық мәселелерге жауапты емес.
Меншікті сіңіру нормасы (МСН) куәлігі туралы
ақпарат
БҰЛ ҚҰРЫЛҒЫ РАДИО ТОЛҚЫНДАРҒА ШЫҒАРУҒА
АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРҒА СӘЙКЕС
КЕЛЕДІ
Ұялы құрылғыңыз радио таратқыш және қабылдағыш болып
табылады. Ол халықаралық қағидалар бойынша ұсынылған радио
толқындарға (радио жиілікті электромагнитті өрістерге) шығару
шектерінен аспауға арналған. Бұл қағидаларды тәуелсіз ғылыми ұйым
(ICNIRP) әзірлеген және оларға жасы мен денсаулығына қарамастан
барлық адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған негізгі
қауіпсіздік шегі кіреді.
Радио толқынға шығару қағидалары меншікті сіңіру нормасы немесе
МСН деген өлшем бірлігін пайдаланады. Ұялы құрылғыларға арналған
МСН шегі 2,0 Вт/кг болады.