Dil ID: 1
Dil Adı: english
Dil Kodu: en5 Astound Brand's Products
Dünyanın En Büyük
Elektronik Bilgi Kütüphanesi



136136136136136
Сақтандыру шаралары
136
Құрылғыны қоғамда пайдаланған кезде басқаларын
мазаламаңыз
Балаларға құрылғыңызды пайдалануға рұқсат етпеңіз
Құрылғыңыз ойыншық емес. Балаларға онымен ойнауға рұқсат
етпеңіз, себеб олар өздерін және басқаларды ұруы, құрылғыны
зақымдауы немесе қоңырау шалып, шығын келтіруі мүмкін.
Ұялы құрылғыларды және жабдықты сақтықпен
орнатыңыз
Көлігіңізге орнатылған ұялы құрылғыларыңыздың немесе оларға
қатысты жабдықтардың берік бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғыңызды және оның аксессуарларын көліктің қауіпсіздік
жастығы орналасқан жердің жанына немесе үстіне қоймаңыз.
Қауіпсіздік жастығы бірден желге толып кеткен жағдайда дұрыс
орнатылмаған сымсыз жабдық ауыр жарақаттануға себеп болуы
мүмкін.
Құрылғыңызды тек білікті мамандар ғана жөндесін
Біліксіз мамандарға құрылғыңызды жөндеттіру салдарынан
құрылғыңыз зақымдануы мүмкін және өндіруші кепілдігі жарамай
қалады.
SIM карталарын немесе жад карталарын ұқыпты
пайдалану
Құрылғы белгілі бір ақпаратты жіберіп немесе қабылдап
жатқан кезде картаны шығарып алуға болмайды, себебі бұл
әрекет деректердің жойылуына және/немесе картаның немесе
құрылғының зақымдалуына себеп болуы мүмкін.
Карталарды қатты соққылардан, статикалық электрден және басқа
құрылғылардың электр әсерінен қорғаңыз.
Сары байланыстарына немесе терминалдарына саусағыңызды
немесе металл заттарды тигізбеңіз. Карта кірлеген жағдайда, оны
жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.