
9
• Мониторды аударып ұстамаңыз немесе тіреуішінен ұстап жылжытпаңыз.
‒ Құрылғы құлап кетіп, зақымдалуы немесе жарақат алуға алып келуі мүмкін.
• Экранға ұзақ уақыт бойы тым жақын жерден қарасаңыз, көру қабілетіңіз төмендеуі мүмкін.
• Құрылғының жанында дымқылдауыштарды немесе пештерді пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны пайдаланған кезде көзіңізді 1 сағат сайын 5 минуттан астам демалдырыңыз
немесе қашықтағы нысандарға қараңыз.
• Ұзақ уақыт бойы қосулы тұрған экранды қолмен ұстамаңыз, ол ыстық болуы мүмкін.
• Ұсақ керек-жарақтарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Өнім бұрышын реттеген кезде, сақ болыңыз.
‒ Қолыңыз немесе бармағыңыз қысылып қалып, жарақаттануы мүмкін.
‒ Құрылғыны тым көп еңкейтсеңіз, ол құлап кетіп, жарақат алуға алып келуі мүмкін.
• Құрылғының үстіне ауыр заттарды қоймаңыз.
‒ Құрылғының ақауына немесе адам жарақатына себеп болуы мүмкін.
• Құлаққаптар немесе құлақаспаптар қолданған кезде, дыбысын қатты ашпаңыз.
‒ Дыбысты қатты қою есту қабілетіңізді зақымдайды.