
8
Назар аударыңыз
• Экран бетінде ұзақ уақыт бойы қалған жылжымайтын сурет қалдық бейненің экранда
қалуына немесе ақаулы нүктелерге себеп болуы мүмкін.
‒ Егер мониторды ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, энергияны үнемдеу режимін
немесе жылжымалы суреті бар экран сақтағышты іске қосыңыз.
• Егер құрылғыны ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз (демалыс, т.б.), қуат кабелін
розеткадан ажыратыңыз.
‒ Шаң жиналса және қызып кеткенде өрт шығуы, ток соғуы немесе ток шығуы мүмкін.
• Құрылғы үшін ұсынылған ажыратымдылық пен жиілікті пайдаланыңыз.
‒ Көру қабілетіңіз төмендеуі мүмкін.
• АТ/ТТ адаптерлерін бірге қоймаңыз.
• Қолданудан бұрын АТ/ТТ адаптерінің полиэтилен қаптамасын алып тастаңыз.
• АТ/ТТ адаптер құрылғысына судың кіруін немесе құрылғының дымқылдауын болдырмаңыз.
‒ Ток соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
‒ Құрылғыны сыртта пайдаланбаңыз, жаңбыр немесе қар кіруі мүмкін.
‒ Еден жуған кезде АТ/ТТ адаптерінің дымқылдануын болдырмаңыз.
• АТ/ТТ адаптерін кез келген жылыту құралының жанына қоймаңыз.
‒ Өрт шығуына себеп болуы мүмкін.
• АТ/ТТ адаптерін жақсы желдетілген жерде сақтаңыз.
• АТ/ТТ қуат адаптерін жоғары қарап тұрған сымы ілулі болып қойсаңыз, су не басқа бөгде
заттар адаптер ішіне еніп, адаптердің ақаулығын тудыруы мүмкін.
АТ/ТТ қуат адаптерін міндетті түрде үстел не еденге тегіс жатқызыңыз.
• Қуат ашасын шерту дыбысы естілгенше АТ/ТТ адаптеріне жалғаңыз.
• Қуат ашасын ғана қуат розеткасына жалғауға болмайды.
• Берілген АТ/ТТ адаптерінен басқасын пайдалануға болмайды.
‒ Электр қатерін тудыруы немесе өрт шығаруы мүмкін.
• АТ/ТТ адаптерін төбедегі қуат розеткасына жалғауға болмайды.
‒ Электр қатерін тудыруы немесе өрт шығаруы мүмкін.
• Қуат ашасын АТ/ТТ адаптеріндегі диапазоннан (0 - 90°) асырмай айналдырыңыз.
‒ Электр қатерін тудыруы немесе өрт шығаруы мүмкін.
• Ешқашан жиналған қуат ашасын бөлшектемеңіз. (Оны жинағаннан кейін бөлшектеуге
болмайды.)
• Ешқашан берілген қуат ашасын басқа құрылғылар үшін пайдаланбаңыз.
• АТ/ТТ адаптерін қуат розеткасынан шығарған кезде, АТ/ТТ адаптерінің корпусын ұстап тұрып
жоғары тартыңыз.
‒ Электр қатерін тудыруы немесе өрт шығаруы мүмкін.
• АТ/ТТ адаптерінің үстіне ешқандай заттар қоймаңыз және адаптер үстін соқпаңыз.
‒ Электр қатерін тудыруы немесе өрт шығаруы мүмкін.
• АТ/ТТ адаптерін пластик қақпағын алғаннан кейін қолданыңыз.
‒ Себебі өрт шығуы мүмкін.