Dil ID: 1
Dil Adı: english
Dil Kodu: en1 Apollo Precision Tools Brand's Products
Dünyanın En Büyük
Elektronik Bilgi Kütüphanesi



3939393939
39
Ақаулықтарды жою нұсқаулығы
09-тарау
Samsung компаниясының клиенттерге
қызмет көрсету орталығына хабарласудан
бұрын орындалатын тексерулер
Samsung тұтынушыға қызмет көрсету орталығына хабарласудан бұрын құрылғыңызды төмендегідей
тексеріңіз. Егер ақаулық қайталана берсе, Samsung тұтынушыға қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Құрылғыны тексеру
Құрылғыны тексеру функциясы арқылы құрылғыңыздың қалыпты жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз.
Егер экран өшірілген болса және құрылғы дербес компьютерге дұрыс қосылған болса да қуат
индикаторы жыпылықтаса, өз-өзін диагностикалау тестін орындаңыз.
1
Дербес компьютер мен құрылғыны өшіріңіз.
2
Кабельді құрылғыдан ажыратыңыз.
3
Құрылғыны іске қосу.
4
Егер Check Signal Cable хабары пайда болса, құрылғы қалыпты жұмыс істейді.
Егер экран болса қалса, дербес компьютер жүйесін, бейне басқарушысын және кабельді тексеріңіз.
Ажыратымдылық пен жиілікті тексеру
Қолдау көрсетілетін ажыратымдылықтан (Стандартты сигнал режимінің кестесі) асатын режим үшін
аз уақытқа Not Optimum Mode хабары көрінеді.
Компьютер жүйесінің параметрлері мен кабельдеріне байланысты, көрсетілген ажыратымдылық
әртүрлі болуы мүмкін.
Төмендегілерді тексеріңіз.
Орнату мәселесі (ДК режимі)
Экран жанып сөніп тұрады.
Құрылғы мен дербес компьютер арасындағы кабельдің дұрыс қосылғанын және қосқыштардың
мықтап құлыпталғанын тексеріңіз.
HDMI немесе HDMI-DVI кабелі мониторға немесе дербес компьютерге қосылған кезде экранның
барлық төрт жағында бос орындар табылады.
Экранда табылған бос орындар мониторға еш әсер етпейді.
Экрандағы бос орындар дербес компьютер немесе графикалық картаға байланысты болады.
Ақаулықты шешу үшін графикалық картаның HDMI немесе DVI параметрлеріндегі экран өлшемін
реттеңіз.
Егер графикалық карта параметрлері мәзірінде экран өлшемін реттейтін опция болмаса,
графикалық картаның драйверін соңғы нұсқамен жаңартыңыз.
(Экран параметрлерін қалай реттеу керектігі туралы мәліметтер алу үшін графикалық карта
немесе компьютер өндірушісіне хабарласыңыз.)
Экран мәселесі
Қуат жарық диоды өшірілген. Экран қосылмайды.
Қуат кабелінің дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
Check Signal Cable хабары пайда болады.
Кабельдің құрылғыға дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
Құрылғыға қосылған құрылғы іске қосулы екенін тексеріңіз.