Dil ID: 6
Dil Adı: turkish
Dil Kodu: tr1tayfun Whirlpool Markası'nın Ürünleri
Dünyanın En Büyük
Elektronik Bilgi Kütüphanesi



68
KZ
Жуу опциялары
Опция таңдалған жуу циклына сәйкес келмесе (Жуу
циклдарының кестесін қараңыз), тиісті жарық диоды 3
рет жылдам жыпылықтайды және сигнал беріледі.
Бірнеше функциясы бар таблеткалар
(таблеткалар-Tabs)
Бұл опция жуу және кептіру нәтижелерін оңтайландырады.
Бірнеше функциясы бар таблеткаларды қолданған кезде,
БІРНЕШЕ ФУНКЦИЯСЫ БАР ТАБЛЕТКАЛАР түймесін
басыңыз; тиісті таңба жанады. Түйме қайтадан басылса,
опциядан бас тартылады.
«Бірнеше функциясы бар таблеткалар» опциясы жуу
циклының мерзімін ұзартады.
Арнайы жуу циклдары
мен опциялары
* Тек кейбір үлгілерде бар.
Ескертпелер:
«Тез» циклдарын қолданған кезде, оңтайлы нәтижеге ыдыс-
аяқтың белгіленген мөлшерін жуу арқылы қол жеткізуге
болады.
Тұтынуды одан әрі азайту үшін ыдыс жуу машинасын тек
толтырып жұмыс істетіңіз.
Сынақ зертханаларына арналған ескертпе: салыстырмалы
EN сынақ жағдайлары үшін төмендегі мекенжайға электрондық
хат жіберіңіз: assistenza_en_lvs@indesitcompany.com
Жоғарғы немесе төменгі тартпаны қолдана
отырып жартылай жүктеу (Half Load)
Жуылатын ыдыс көп болмаса, су, ток пен жуғыш
затты үнемдеу үшін жартылай жүктеу циклын қолдануға
болады. Жуу циклын таңдап, одан кейін ЖАРТЫЛАЙ ЖҮКТЕУ
түймесін басыңыз: таңдалған тартпаға сәйкес келетін
индикатор жанып, тек жоғарғы немесе төменгі тартпада жуу
циклы басталады.
Тек жоғарғы немесе төменгі тартпаны жүктеуді және
тиісті түрде жуғыш зат мөлшерін азайтуды ұмытпаңыз.
Кешіктіріп бастау (Delayed Start)
Жуу циклының басталуын 1–12 сағат аралығындағы
уақытқа кешіктіруге болады.
1. КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймесін басыңыз: тиісті таңба
дисплейде көрсетіледі; түймені басқан сайын, таңдалған жуу
циклына басталуына дейінгі уақыт (1 сағ., 2 сағ., с.с. ең көбі
12 сағ.) өсіп отырады.
2. Циклды таңдап, есікті жабыңыз: таймер кері санағын
бастайды;
3. Уақыт аяқталғаннан кейін, индикатор шамы өшеді де, жуу
циклы басталады.
Кешіктіру уақытын реттеу және азырақ уақыт мерзімін таңдау
үшін КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймесін басыңыз. Оны доғару
үшін, таңдалған кешіктіріп бастау индикатор шамы сөнгенше,
түймені қайта-қайта басыңыз. Есік жабылар-жабылмас, жуу
циклы автоматты түрде басталады.
Жуу циклы басталғаннан кейін Кешіктіріп бастау
функциясын орнату мүмкін емес.