
2
B
1
6.
Есік жақтаушасының (B) жоғарғы
жағын қос қолмен екі жағынан
ұстаңыз да, ысырманы босату
үшін ішке қарай басыңыз.
7.
Есікті босату үшін оның
жақтаушасын алға қарай
тартыңыз.
8.
Есіктің шыны панельдерін
бағыттағыштан шығару үшін,
үстіңгі жағынан ұстап, бір-бірден
жоғары тартып шығарыңыз.
9.
Шыны панельді сабын сумен
жуыңыз. Шыны панельді
жақсылап құрғатыңыз.
Есік пен шыны панельдерді
орнату
Тазалап болғаннан кейін шыны
панельдер мен тұмшапеш есігін
орнатыңыз. Жоғарыдағы қадамдарды
кері ретпен орындаңыз. Алдымен
кішірек панельді, содан кейін үлкен
панельді орнатыңыз.
11. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Назарыңызда болсын!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғы қызбай тұр. Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны іске
қосыңыз.
Құрылғы қызбай тұр. Сағат орнатылмаған. Сағатты орнатыңыз.
Құрылғы қызбай тұр. Қажетті параметрлер
орнатылған жоқ.
Параметрлерді
қадағалаңыз.
Құрылғы қызбай тұр. Сақтандырғыш
ағытылып қалған.
Ақаулыққа
сақтандырғыштың
себеп болғанына көз
жеткізіңіз.
Сақтандырғыш қайта
босап кетсе, білікті
электршіге
хабарласыңыз.
Шам жанбай тұр. Шамның ақауы бар. Шамды ауыстырыңыз.
Бу мен конденсат
тағамның үстіне және
құрылғының ішіне
жиналады.
Тағам құрылғы ішінде
ұзақ уақыт қалып
қойған.
Тағамды пісіргеннен
кейін тұмшапеш ішінде
15 - 20 минуттан артық
қалдырмаңыз.
ҚАЗАҚ 29