
Ас үй құрылғыларының бетін
тазалауға арналған көпшілік
заттардың құрамында осы құрылғы
үшін пайдаланылған пластиктерге
зиянды әсер ететін химикаттар бар.
Сондықтан да осы құрылғы
корпусының сыртын, тек аздаған
жуғыш зат салынған жылы сумен
тазалау ұсынылады.
Тазалап болған соң құрылғыны электр
желісіне қайта қосыңыз.
7.2 Мұздатқыш камераның
мұзын еріту
Мұздатқыш сөрелері мен үстіңгі
камераның айналасына белгілі бір
мөлшерде қырау әрқашан жиналады.
Мұздатқыш камераның қырауының
қалыңдығы шамамен 3-5 мм болған
кезде, оны жібітіңіз.
Қырауды кетіру үшін төмендегі
нұсқауларды орындаңыз:
1.
Температура тетігін "0" қалпына
қойыңыз да, ашаны розеткадан
суырыңыз.
2.
Ішінде тағам тұрса, оны алып,
бірнеше қабат газетке ораңыз да,
салқын жерге қойыңыз.
3.
Есікті ашық қалдырыңыз.
4.
Үш үлкен тартпаны алыңыз.
5.
Жібіту аяқталған кезде астыңғы
кішкене тартпаға жиналған суды
төгіп, ішін мұқият құрғатыңыз.
Ашаны розеткаға сұғыңыз да,
термостатты басқару тетігін орташа
параметрге қойыңыз. Содан кейін
құрылғыны кем дегенде екі сағат
"Жылдам жібіту" режиміне қойып
қосып, алдында алынған тағамдарды
қайта салыңыз.
7.3 Ауа өткізетін саңылауларды тазалау
CAB
1.
Жақтаушаны (A), содан кейін
желдеткіш торды (B) алыңыз.
2.
Желдеткіш торкөзді тазалаңыз.
3.
Ауа дефлекторын (C) еппен
тартып шығарыңыз, онда еріген
мұздың суы жиналмағанын
тексеріңіз.
4.
Құрылғының астыңғы жағын
шаңсорғышпен тазалаңыз.
7.4 Құрылғыны қолданбаған
кезде
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы
қолданбаған кезде мына сақтық
шараларын орындаңыз:
1.
құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз
2.
барлық тағамдарды шығарыңыз
3.
құрылғыны жібітіп, оны керек-
жарақтарымен қоса тазалаңыз
4.
Жағымсыз иіс пайда болмас үшін
есік/есіктерді ашық қалдырыңыз.
Егер құрылғыны қосып
қалдыратын болсаңыз, электр
қуаты өшіп қалған жағдайда
ішіндегі тағам бұзылып кетпес
үшін басқа бір адамның
арасында бір рет бақылап
қойып отыруын сұраңыз.
10
www.aeg.com