
44
Ақаулықтарды жою
Құрылғы дұрыс жұмыс істемей қалған кезде, Көмек қызметіне телефон соқпас бұрын төмендегі тізімнен шешімді іздеңіз.
* Тек кейбір үлгілерде бар.
Ақаулық: Ықтимал себептері / шешімдері:
Ыдыс жуу машинасы іске
қосылмайды немесе оны басқару
мүмкін емес.
• Құрылғыны ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басу арқылы өшіріңіз, одан кейін оны бір шамамен бір
минуттан кейін қосып, бағдарламаны қайта орнатыңыз.
• Құрылғы розеткаға дұрыс қосылмаған.
• Ыдыс жуу машинасының есігі дұрыс жабылмаған.
Есік жабылмайды. • Құлып босатылған. «Тық» еткен дыбыс естілгенше есікті қатты итеріңіз.
Ыдыс жуу машинасынан су
ағызылмайды.
• Ыдыс жуу машинасының циклы әлі аяқталмаған.
• Судың кіріс түтігі майысқан («Орнату» бөлімін қараңыз).
• Ағызу түтігі жабылып қалған.
• Сүзгі тамақ қалдықтарымен бітеліп қалған.
Ыдыс жуу машинасы шамадан тыс
шуыл шығарады.
• Табақтар бір-біріне немесе тозаңдатқыш өзекшеге тиіп тарсылдайды.
•
Шамадан тыс көбік болуы: жуғыш зат дұрыс өлшенбеген немесе ол ыдыс жуу
машиналарында қолдануға қолайлы емес. («Іске қосу және пайдалану» бөлімін қараңыз).
Табақтар мен стақандардың
бетінде ақ түсті қабықшамен
немесе тат қалдықтарымен
қапталған.
•
Тазаланған тұз мөлшері аз немесе мөлшерлеме параметрі судың қаттылығына дұрыс
қойылмаған («Шаюға көмекші зат және тұз» бөлімін қараңыз).
• Тұз диспенсерінің қақпағы дұрыс жабылмаған.
• Шаюға көмекші зат таусылған немесе оның мөлшерлемесі тым төмен.
Табақтар мен стақандар сызылған
немесе реңгі көкшіл.
• Шаюға көмекші заттың мөлшерлемесі тым жоғары.
Ыдыс-аяқ дұрыс кептірілмейді.
• Кептіру бағдарламасы жоқ жуу циклы таңдалған.
• Шаюға көмекші зат таусылған немесе оның мөлшерлемесі тым төмен («Шаюға көмекші
зат және тұз» бөлімін қараңыз).
• Шаюға көмекші зат диспенсерінің параметрі жетерліктей жоғары емес.
• Ыдыс-аяқ жабыспайтын материалдан немесе пластиктен жасалған.
Табақтар таза емес.
• Тартпаларға тым көп ыдыс салынған («Тартпаларға ыдыс салу» бөлімін қараңыз).
• Ыдыс-аяқ дұрыс реттелмеген.
• Тозаңдатқыш өзекшелер еркін жылжи алмайды.
• Жуу циклы тым нәзік («Жуу циклдары» бөлімін қараңыз).
•
Шамадан тыс көбік болуы: жуғыш зат дұрыс өлшенбеген немесе ол ыдыс жуу
машиналарында қолдануға қолайлы емес. («Іске қосу және пайдалану» бөлімін қараңыз).
• Шаюға көмекші зат бөлігіндегі қақпақ дұрыс жабылмаған.
• Сүзгі кір немесе бітеліп қалған («Күтім көрсету және техникалық қызмет көрсету» бөлімін
қараңыз).
• Тазаланған тұз деңгейі төмен («Шаюға көмекші зат және тұз» бөлімін қараңыз).
Ыдыс жуу машинасына су кірмейді
- Шүмек өшірулі дабылы
(сигнал естіледі және дисплейде
бірнеше минутқа Н әрпі көрсетіледі)
(ҚОСУ/ӨШІРУ индикатор шамы
жыпылықтайды да, дисплейде 6 саны
көрсетіледі).
• Жүйеде су жоқ.
• Судың кіріс түтігі майысқан («Орнату» бөлімін қараңыз).
• Шүмекті ашыңыз, сонда құрылғы бірнеше минуттан кейін іске қосылады.
•
Құрылғының құлпы белсендірілген, себебі сигнал берілгенде ешбір әрекет жасалмаған.
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесінің көмегімен құрылғыны өшіріңіз, одан кейін шүмекті ашыңыз да,
дәл сол түймені бірнеше секундтан кейін басу арқылы құрылғыны қайтадан қосыңыз.
Құрылғыны қайта бағдарламалап, жуу циклын қайтадан бастаңыз.
195117459.00
09/2013 jk - Xerox Fabriano