
Батареяның қалған заряды
Батареяның қалған заряды үздіксіз жанатын
батарея заряды индикаторының шамдарымен
көрсетіледі.
Жеке жайлылық параметрлері
Ұстараның параметрлерді жеке орнату мүмкіндігі
бар. Жеке қырыну қажеттіліктеріне байланысты
төменнен жоғары қарай үш параметрдің арасынан
таңдаңыз: жайлылық, динамикалық немесе
тиімділік. Дисплейдің сол немесе оң жағындағы
түймені басқан кезде жанатын жеке жайлылық
параметрлері жолағының сегменті ағымдағы
таңдалған параметрді көрсетеді. Төмен немесе
жоғары параметрді таңдау үшін, дисплейдің сол
немесе оң жағындағы түймені басыңыз.
Тазалау туралы еске салғыш
Оңтайлы өнімділікке (көріңіз 'Тазалау және
техникалық қызмет көрсету') қол жеткізу үшін,
қолданған сайын ұстараны тазалап отырыңыз.
Ұстараны өшіргенде тазалау туралы еске салғыш
жыпылықтап,ұстараны тазалау туралы еске
салады.
Сапар құлпы
Сапарға шыққан кезде ұстараны құлыптауға
болады. Сапар құлпы ұстараның кездейсоқ (көріңіз
'Сапар құлпын іске қосу') қосылуын болдырмайды.
400
Қазақша