
көрсетілген жағдайларға сай іске асыру керек.
Жерге тұйықтау сымы қолданылмайды.
• Электр сымын төсеген кезде, температурасы
бөлме температурасынан 50°C градус жоғары
болатын заттарға тура тигізбей (мысалы,
оқшаулағыш төлкені пайдаланып) орнатыңыз.
• ЕСКЕРТУ: Пісіру құрылғысының өндірушісі жасаған
пеш қорғағыштарды ғана немесе құрылғы
өндірушісі пайдаланушы нұсқаулығында арнайы
көрсеткен немесе құрылғының өзіне орнатылған
қорғағыштарды ғана қолданыңыз. Сай келмейтін
қорғағыштарды пайдалансаңыз, оқыс жағдай орын
алуы мүмкін.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Бұл құрылғы келесі нарықтарға
арналған: BY KZ RU
2.1 Орнату
ЕСКЕРТУ!
Бұл құрылғыны тек білікті
маман ғана орнатуға тиіс.
ЕСКЕРТУ!
Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз
немесе іске қоспаңыз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген
орнату нұсқауларын орындаңыз.
• Құрылғылар мен заттардың
арасындағы минимум қашықтықты
сақтаңыз.
• Құрылғы ауыр болғандықтан,
орнынан жылжытқан кезде әрқашан
абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік
қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
• Кесілген беттерге ылғал кіріп
үлкейтіп жібермес үшін
тығыздағышпен бітеңіз.
• Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
• Құрылғыны есікке жақын жерге
терезенің астына қоймаңыз. Бұл
есік немесе терезе ашылған кезде
ыстық ыдыстар құрылғыдан құлап
кетпеу үшін қажет.
• Егер құрылғыны тартпалардың
үстіне орнатсаңыз, құрылғының
астыңғы жағы мен үстіңгі тартпаның
арасында ауа ауысып тұруға
жеткілікті орын қалуын қамтамасыз
етіңіз.
• Құрылғының астыңғы жағы ысып
кетеді. Құрылғының астыңғы жағын
қол жетпейтін етіп бітеу үшін
тұтанбайтын оқшаулағыш панель
орнатыңыз.
2.2 Электртоғына қосу
ЕСКЕРТУ!
Өрт және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарын
білікті электрші ғана іске асыруға
тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет.
• Қандай да бір жұмысты іске
асырмай тұрып, құрылғының электр
желісінен ажыратылғанына көз
жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ 5