Dil ID: 8
Dil Adı: italy
Dil Kodu: it2tayfun Prodotti del Marchio Whirlpool
Dünyanın En Büyük
Elektronik Bilgi Kütüphanesi



Шайғышты жəшікке құйғанда «мах» деген белгісі бар ең жоғарғы деңгейден асып
кетпеуін қадағалаңыз.
Шайғыш автоматты түрде соңғы шаю кезінде барабанға құйылады. Бағдарлама аяқталған
соң 3 ұйшықта су қалып қояды. Ол барабанға өте қою шайғыштарды құю үшін керек,
яғни концентрациялық шайғыштарды араластыру үшін қажет. Егер 3 ұяшықта қалыпты
деңгейден артық су қалып қойса, шаюды
төгу каналы бітеліп қалғанын білдіреді.
Ұяшықтарды тазалауды 22 б. қара.
4 ұяшық: Ағарту циклі
Қарапайым ағартқыштар қатты маталар үшін, ал күтіммен жуатын ағартқыш түрлі-
түсті, синтетикалық жəне жүн маталар үшін қолданылады.
Ағартқышты 4 ұяшықтың ең жоғарғы деңгейіне дейін құймаңыз (сур. қара).
Ағартқышты 4 ұяшыққа, жуу құралы мен шайғышты сəйкес ұяшықтарына салыңыз, содан
соң
Шаю немесе Дақтарды кетіру бағдарламаларының бірін таңдаңыз.
Кірді дайындау
кірді барабанға жүктемес бұрын мұқият жөндеп алыңыз.
-Кірді матасының түріне / этикетіндегі белгісіне қарай
- түсіне қарай: ақ кірден түрлі-түсті кірді бөліп алыңыз
Қалталарынан барлық заттарды алып тастаңыз жəне түймелерінің нық тұрғандығын
тексеріңіз.
Құрғақ кірге арналған барабанды жүктеудің ең жоғарғы нормасынан аспаңыз:
Қатты маталар: 5 кг
.
Синтетикалық маталар 2,5 кг.
Күтіммен жуылатын маталар 2 кг
Жүн 1 кг
Кірдің салмағы
1 ақжайма 400-500 г
1 жастық тыс 150-200 г
1 дастархан 400-500 г
1 банна халаты 900-1200 г
1 сүлгі 150-250 г
Жеке бұйымдарды жуу ерекшеліктері
Перделер: орап, жастық тысқа немесе тор қапшыққа салыңыз. Барабанның жартысынан
асырмай, бөлек жуыңыз. Сықпайтын, 7 бағдарламаны таңдаңыз.
Жүн\қауырсын: Жүн
\қауырсын: үйрек немесе қаз жүнді кірлерді кір жуғыш машинада
жууға болады. Оларды теріс қаратып алыңыз да салмағы 2-3 кг. аспайтындай етіп
барабанға салыңыз. Күтіммен жуу режимін пайдаланып, шаюды 1-2 рет қайталаңыз.
Кенеп аяқ киімдерді алдын ала бір тазартып алып, қатты маталармен немесе
джинсалармен бірге жуыңыз, егер түстері сай келсе. Ақ заттармен бірге
жумаңыз .
Жүн: Жақсы нəтижеге жету үшін 1 кг аспайтын кір салыңыз жəне жүн заттарды жууға
арналған арнайы сұйық құралдарды пайдаланыңыз.
! Қолмен жууға арналған кір жуу ұралдарын пайдаланбаңыз. Одан пайда болатын өте көп
көлемдегі көбік кірдің сапасын нашарлатып, кір жуғыш машинаны бұзуы мүмкін.