
Уақыт есебі бойынша қалған уақыт көрсетіледі жəне сəйкес индикатор жыпылықтап
тұрады.
Берілген уақыт аяқталған соң, жыпылықтап тұрған индикатор өшіп, жүктелген бағдарлама
қосылады.
Циклдің ағымдағы фазасы:
Кір жуу циклі кезінде индикаторлар бірінен соң бірі жанып, бағдарламаның орындалып
жатқан фазасын көрсетіп тұрады:
алдын ала кір жуу
кір жуу
шаю
сығу
Ескерту: суды төгу кезінде Сығу цикліне сəйкес келетін индикатор
қосылады.
Функцияларды таңдау түймесі
Функцияны таңдағанда сəйкес түйме жанады. Егер таңдалған функция жүктелген
бағдарламаға сай келмесе, сəйкес индикатор жыпылықтайды жəне бұл функция
қосылмайды.
Егер алдыңғы таңдалған функциямен сай келмейтін функция таңдалса, тек соңғы функция
қосылып тұрады.
Кір жууды жекелендіру
Қысқаша нұсқаулықтар: Бағдарламаны іске қосу тəртібі
1.
түймесіне басу арқылы кір жуу машинасын қосыңыз. Барлық индикаторлар
бірнеше секундқа қосылады, содан соң өшеді жəне ҚОСУ/ЛЮК ТЕЖЕЛГЕН
индикаторы жыпылықтай бастайды.