
• Қорек сымы ашаның деңгейінен
төмен орналасуға тиіс.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
1.3 Қолданылуы
• Бұл құрылғы үйде және сол сияқты
төменде аталған жерлерде
қолдануға арналған:
– Дүкендердің, кеңселердің және
басқа жұмыс орындарының
қызметкерлерге арналған ас
бөлмелерінде
– Фермадағы үйлерде
– Қонақ үйлерде, мотельдер мен
басқа да тұрғынды жерлерде
– Төсек және таңғы аспен
қамтамасыз ететін жерлерде.
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, күйіп қалу, электр
тоғының қатеріне ұшырау
немесе өрт шығу қаупі бар.
• Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Электр құрылғыларын (мысалы,
балмұздақ жасағыш құрылғы) егер
өндірушісі арнайы көрсетпесе,
құрылғыға салуға болмайды.
• Салқындатқыш жүйеге зақым
келтіріп алмас үшін абай болыңыз.
Оның құрамында изобутон (R600a),
қоршаған ортамен сыйысымдылығы
өте жоғары табиғи газ бар. Бұл
тұтанғыш газ.
• Егер салқындатқыш жүйеге зақым
келсе, бөлмеде ешбір оттың
жалыны және тұтануға себеп
болатын көздердің болмауын
қамтамасыз етіңіз. Бөлмені
желдетіңіз.
• Ыстық заттарды құрылғының
пластик бөліктеріне тигізбеңіз.
• Газды сусындарды мұздатқыш
бөлікке қоймаңыз. Себебі сусынның
ыдысында қысым пайда болады.
• Құрылғыда тұтанғыш газ бен
сұйықтықты сақтамаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
• Компрессорға немесе
конденсаторға қол тигізбеңіз. Олар
ыстық.
• Қолыңыз су немесе дымқыл болса
мұздатқыш бөліктегі заттарды
алмаңыз немесе ұстамаңыз.
• Құрылғыдан балмұздақты алған
кезде дереу жемеңіз. Бірнеше минут
күте тұрыңыз.
• Жібіген тағамды қайта мұздатпаңыз.
• Мұздатылған тағамның орамындағы
тағам сақтау нұсқауларын
орындаңыз.
1.4 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу және құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
• Мұздатқыштың су төгетін түтіктерін
уақытылы тексеріңіз, егер тазалау
керек болса тазалаңыз. Су ағатын
түтік бітелсе, еріген су құрылғының
табанына жиналады.
• Бұл құрылғының салқындатқыш
жүйесінде көмірсутек бар. Жүйеге
күтім көрсету және оны қайта
толтыру жұмыстарын тек білікті
маман ғана іске асыруға тиіс.
1.5 Ішкі жарық шамы
• Осы құрылғыда тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған
жарықтама шам немесе галоген
шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
4
www.aeg.com