Dil ID: 8
Dil Adı: italy
Dil Kodu: it3tayfun Prodotti del Marchio AEG
Dünyanın En Büyük
Elektronik Bilgi Kütüphanesi



4. БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
4.1 Ішін тазалау
Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас
бұрын, жаңа бұйымға тән иісті арылту
үшін оның іші мен ішкі керек-
жарақтарын сәл нейтрал сабын
салынған жылы сумен жуып, содан
соң мұқият құрғатыңыз.
Жуғыш зат не жеміргіш
ұнтақтарды пайдаланбаңыз,
бұл құрылғының сыртқы
қабатына зиян келтіреді.
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
5.1 Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғасында
сөрелерді қалауыңызша
орналастыруға арналған бірнеше
бағыттауыш бар.
5.2 Есіктің сөрелерін орналастыру
Құрылғының бұл үлгісі есік сөресінің
астыңғы жағында тұратын, екі жағына
қарай ысыруға болатын, зат
сақтайтын реттелмелі жәшікпен
жабдықталған.
Құрылғыны мұқият тазалау үшін
есіктің үстіңгі және астыңғы сөрелерін
оңай алып, қайтадан орнына қоюға
болады
5.3 Температура индикаторы
Құрылғыны дұрыс басқаруға
көмектесу үшін тоңазытқыштың ең
суық бөлігіне температура индикаторы
орнатылған.
ҚАЗАҚ 7