
Құрама жуғыш таблеткалар
Бұл таблеткалардың құрамында жуғыш
зат, шайғыш зат жəне басқа қоспалар бар.
Бұл заттардың тұратын жеріңіздегі судың
кермектігіне сай келетініне көз жеткізіңіз.
Өнімдердің орамындағы нұсқауларды
қараңыз.
Тұз жəне шайғыш заты бар таблеткаларды
қолданғанда, тұз сауыты мен шайғыш зат
сауытын толтырмаңыз. Шайғыш заттың
сауыты босап қалса, шайғыш зат
индикаторы үнемі жанады.
1. Су жұмсартқышты
ең төмен мəнге
қойыңыз.
2. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең
төмен мəнге қойыңыз.
Егер аралас таблетканы қолдануды
тоқтатсаңыз, жуғыш зат, шайғыш зат
мен ыдыс жуғыш тұзды жеке-жеке
қолданар алдында мына қадамдарды
орындаңыз:
1. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз.
2. Су жұмсартқышты ең үлкен мəнге
қойыңыз.
3. Тұз сауыты мен шайғыш зат
үлестіргішінің толы
екеніне көз
жеткізіңіз.
4. Шаю циклы бар ең қысқа жуу
бағдарламасын, жуғыш зат қолданбай
жəне ыдыс салмай орындаңыз.
5. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын
жердегі судың кермектігіне лайықтап
қойыңыз.
6. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін
реттеңіз.
Бағдарламаны орнату жəне бастау
Параметрлерді орнату режимі
Кей əрекеттерді орындау үшін құрылғы
параметрлерді орнату режимінде тұруға
тиіс.
Құрылғы іске қосылғаннан кейін
параметрлерді орнату режимінде
тұрады:
• Барлық бағдарлама индикаторлары
сөніп тұрғанда.
• Соңы индикаторы жыпылықтайды.
Басқару панелінде басқа жағдай орын
алса, бағдарлама түймешігін құрылғы
параметрлерді орнату режиміне
қойылғанша басып ұстап тұрыңыз.
Кешіктіріп бастау функциясы жоқ
бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғыны іске қосу үшін қосу/өшіру
түймешігін басыңыз. Құрылғының
параметрлерді орнату режимінде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
3. Бағдарлама түймешігін орнатқыңыз
келген бағдарламаның индикаторы
жанғанша үздіксіз басыңыз.
4.
Құрылғы есігін жабыңыз. Бағдарлама
басталады.
Кешіктіріп бастау функциясы бар
бағдарламаны бастау
1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2. Бағдарламаны кешіктіріп бастау
түймешігін бағдарламаны 3 сағатқа
кешіктіріп бастау үшін басыңыз.
Кешіктіріп бастау индикаторы жанады.
3. Құрылғы есігін жабыңыз. Кері санақ
басталады.
• Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама басталады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашу
Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті
жапқаннан кейін,
құрылғы тоқтаған жерінен
бастап жұмыс істейді.
Кері санақ жұмыс істеп тұрған кезде
кешіктіріп бастау функциясын біржола
тоқтату
1. Құрылғы есігін ашыңыз.
2. Кешіктіру түймешігін басыңыз, кешіктіру
индикаторы сөнеді.
3. Құрылғы есігін жабыңыз. Бағдарлама
басталады.
Бағдарламаны біржола тоқтату
1. Құрылғы есігін ашыңыз.
10
www.zanussi.com